Білім саласындағы көшбасшылық

Читать: 2 мин

А.Байтұрсынова Атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде «Білім беру саласындағы көшбасшылық» атты бірқатар семинар легі өтіп жатыр. Коучинг сабақтарының серіктесі – Назарбаев университеті. Үш күн ішінде университеттің топ-менеджменті «Менеджмент және білімді басқару», «Стратегиялық жоспарлау және менеджменттің басқа аспектілері» және «Қиындық дәрежесі: ХХІ ғасырдағы жоғары білім кеңістігін қайта қарастыру» сияқты бағыттарда тренингтен өтеді.

Кеше алғашқы болып «Менеджмент және білім беруді басқару» онлайн-дәрісі өткізілді. Дәріс барысында коронавирустық әлемдегі білім жүйесінің болашағы, университеттердің миссиясы мен көзқарастарының өзгеруі және келесі 10 жылда вебинарға қатысушылардың аталған мәселелер туралы пікірінің өзгеруі жайында қызықты диалог өтті. Аталмыш тақырыптар төңірегінде NU GSE деканы Аида Сағынтаева баяндама жасады.

Бүгінгі вебинар «Стратегиялар және стратегиялық жоспарлау» тақырыбымен жалғасты. Баяндамашы – Назарбаев Университетінің Жоғары білім мектебінің атқарушы директоры Ерлан Шуланов. Оның білім және адами капиталды дамыту саласында үлкен кәсіби тәжірибесі бар. Сондай-ақ Ерлан Шуланов ҚР Білім және ғылым министрлігіндегі тәжірибесімен бөлісті. Назарбаев Университетінің жоғары білім беру мектебіне келмес бұрын Ерлан Шуланов бес жыл Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ақпараттық-талдау орталығының вице-президенті болып жұмыс істеді және білім беру және Қазақстанның академиялық жүйесін дамыту саласындағы 30-дан астам аналитикалық зерттеу жобаларын жүзеге асыруды басқаруға жауапты болды. Тренингтің нәтижесінде вебинарға қатысушылар тез өзгеретін шындықта жылдам шешім қабылдауға құзыреттіліктерін қалыптастырады. Университет басшылығы әрдайым қазіргі әлемдегі білім беру жүйесінің қиындықтарына дайын болуы керек.

КГУ