Ө.Сұлтанғазин атындағы Педагогикалық институттың жаратылыстану ғылымдары кафедрасында тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіз елім – Қазақстан» атты мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты - тәуелсіздіктің маңызын тереңірек түсініп, жастардың бойында отанға деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру. Іс-шараның модераторлары мен ұйымдастырушылары - кафедраның аға оқытушылары Э.Б.Ахметова, А.С. Кожмухаметова және «География» мен «Биология» білім беру бағдарламаларының студенттері.
Іс-шара ҚР Әнұранымен басталды. 1 курс студенттері Рахат Зайып пен Аружан Есеркепова тәуелсіздік күніне арналған өлеңдерін оқыды.
Одан кейін қатысушылар «Тәуелсіздік - тұғырым» атты бейнероликті көріп, танымдық-интеллектуалдық ойынға белсене қатысып, сұрақтарға толыққанды жауап берді.
Кафедра оқытушылары қатысушыларды құттықтап, жастардың алдында тұрған басты міндет - еліміздің тәуелсіздігін ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп сақтау екенін тағы да еске салды. Аталған жиын «Атамекен» әнін орындаумен аяқталды.