ҰЛТ ҰСТАЗЫНА ТАҒЗЫМ

5 қыркүйек – Ұлт ұстазы, қазақтың ұлы ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні.

Қоғам қайраткерінің есімі берілген Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің студенттері мен оқытушылары жыл сайын Ахаңның рухына тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қояды. Биыл да дәстүр жалғасын тапты.

Сонымен бірге 5 қыркүйек елімізде Қазақстан халқы тілдері күні ретінде аталып өтеді. Бұл датаның Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келуі – ана тіліміздің тағдыры мен ұлт ұстазының ғибратты ғұмырының сабақтастығын айқын көрсетеді.

Ағартушының есімін иеленген университет үшін бұл күннің орны ерекше. Ағартушының мұрасын ұлықтап, оның өнегелі жолын кейінгі ұрпаққа дәріптейтін тағылымды күн.

Қабылдау комиссиясы