ГЕОЛОГИЯ ғылымының даму белестері

Қазақтың біртуар перзенті, көрнекті ғалым-геолог және мемлекет қайраткері Шахмардан Есеновтың 100 жылдық мерейтойына орай ҚӨУ мен Л.Н. Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен тағылымды іс-шара өтті.

«Шахмардан Есеновтың Қазақстанның геология ғылымын дамытудағы рөлі» атты ғылыми семинар тек зиялы қауым мен ғалымдардың басын қосып қана қоймай, жас буынның да ғылымға деген қызығушылығын оятты.

Жиынға Қостанай қаласындағы С. Мәуленов атындағы гимназияның 8-9 сынып оқушылары мен «География» мамандығының 2-курс студенттері арнайы шақырылды.

Семинар аясында ҚӨУ-дің Жаратылыстану ғылымдары кафедрасының оқытушылары мен білім алушылары мазмұнды баяндамалар жасап, ғалымның ғылыми жолы мен қалдырған өшпес ізін саралады.

Қатысушылар тұлғаның шығармашылық мұрасы туралы өзара пікір алмасып, «Шахмардан Есеновтың өмірі мен шығармашылығы» атты зияткерлік ойында бақ сынасты.

Шара барысында ғылыми кітапхана қызметкерлері дайындаған арнайы көрме көпшілік назарына ұсынылды. Экспозицияға ғалымның іргелі еңбектері, ол туралы жазылған құнды мақалалар мен мерзімді басылымдардағы жарияланымдар қойылды.

Қабылдау комиссиясы