object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-18 14:01:59.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Адалдық - басты назарда

«Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні - 2024: қызықты фактілер» атты дөңгелек үстел Baitursynuly University өтті.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері, құқық саласындағы сарапшылар, ғалымдар мен студенттер ең өзекті мәселелерді талқылап, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарымен бөлісті.

Іс-шара ұйымдастырушысы - ҚӨУ-дің мемлекет және құқық теориясы кафедрасы.

- Академиялық адалдық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет біздің университетіміз үшін басты назардағы мәселе болып табылады, – деді құқық және экономика факультетінің деканы Айдар БАЙКИН. – Біз сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының ең кішкентай көріністерін де жоюымыз керек. Бұл біздің ортақ міндетіміз, ал ол жүйелі тәсілді талап етеді.

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Рустем Токбергенов елімізде тиімділігі дәлелденген шаралар туралы баяндады.

ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қылмыстық құқық және криминология кафедрасының аға оқытушысы Мадияр Қалқаманұлы дөңгелек үстел қатысушыларымен полиция органдарында Integrity check (адалдыққа тексеру) тәсілін енгізу нәтижелерімен бөлісті.

Қабылдау комиссиясы