object(DateTime)#1024 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-11-14 06:22:13.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Қабыл Тұрсынай Тұрарқызы

Өмірбаяны

Қостанай облысы, Арқалық қаласында дүниеге келген.

Білім

  • 2021 ж. Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай педагогикалық университеті, "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша.

Спорттық жетістіктер

Пара пауэрлифтингпен 2015 жылдың қараша айынан бастап айналыса бастады, мүгедектер спорт клубының тәрбиеленушісі. Жеке жаттықтырушы - Царенко Дмитрий Евгеньевич. 2016 жылдан бастап пара пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының негізгі құрамына қабылданды.

Спорттық мансап кезінде пара пауэрлифтинг бойынша келесі Халықаралық паралимпиадалық старттарға қатысты:

  • 2016 жыл Якутск қ. (РФ) жасөспірімдер арасында пара пауэрлифтинг бойынша "Азия балалары" халықаралық жарысы - 41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1 орын.
  • 2017 жыл, Дубай қ. жасөспірімдер арасында пара пауэрлифтингтен Азия жасөспірімдер паралимпиадасы 2017 жыл - 41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1 орын.
  • 2018 жыл Дубай қаласындағы пара пауэрлифтингтен FazzA 9 Әлем Кубогы (БАӘ 2018) - жасөспірімдер арасында 2 орын, әйелдер арасында 3 орын.
  • Китакюши қ. жасөспірімдер арасында пара пауэрлифтингтен Азия чемпионаты (Жапония 2018ж.) - 41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1 орын;
  • 2019 жыл Астана қ. жасөспірімдер арасында пара пауэрлифтинг бойынша әлем чемпионаты - 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1 орын.
  • Дубай қ. пара пауэрлифтингтен FaZZa 10 Әлем кубогы (БАӘ 2019ж.) жасөспірімдер арасында - 41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 2 орын.
  • 2019 жылы жасөспірімдер арасында 41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 2 Азия рекордын орнатты.
  • 2022 жыл Пхентек қаласында (Корея) Азия чемпионаты 2022 ж. - 41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 4 орын.
  • 2023 жыл Дубай қаласында (БАӘ) пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты 2023 ж. – 7 орын; 2023 ж. 22-28 қазанда Ханчжоу қаласында (ҚХР) пара пауэрлифтингтен IV жазғы Паразиялық ойындар - 41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 2 орын.
  • Жасөспірімдер мен ересектер арасында 41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан Республикасының рекордшысы.
  • 2024 ж пара пауэрлифтинг бойынша Әлем кубогы 8-11 мамыр 2024 ж. Паттайя (Тайланд) - әйелдер арасында 41 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 3 орын.
  • Пара пауэрлифтингтен Әлем кубогы 2024 жылғы 20-26 маусым Тбилиси (Грузия) - 45 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 3 орын.
  • Пара пауэрлифтингтен XVII Жазғы Паралимпиада ойындарында 6 орын Париж-2024.
Қабылдау комиссиясы