Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидалары
Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптар
1) ЖЖОКБҰ атауы ;
2) бітірушілердің тегі , аты , әкесінің аты (болған жағдайда );
3 ) білім беру бағдарламасының (мамандықтың ) кодын және атауы ;
4) берілетін дәреже ;
5) дәреже беру туралы аттестаттау комиссиясы отырысының хаттамасының күні мен нөмірі (бар болса ). Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктордың дипломдарында ғылыми консультанттар мен ресми рецензенттер туралы мәліметтер , диссертациялық кеңес отырысының күні , хаттама нөмірі (ерекше мәртебесі бар ЖЖОКБҰ үшін ) немесе Комитет шешімінің күні мен бұйрық нөмірі (ерекше мәртебесі жоқ ЖЖОКБҰ үшін );
6) оқыту нысаны ;
7) ЖЖОКБҰ басшысының қолдары ;
8) реттік тіркеу нөмірі ;
9) берілген күнін және орны (қала );
10) ЖЖОКБҰ мөрі болады .
Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарға қосымшада білім беру бағдарламаларын мамандандырылған аккредиттеу бойынша аккредиттеу агенттіктерінің логотиптері және (немесе ) орналастырылады .
1) ЖЖОКБҰ атауы;
2) тындаушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
3) кредиттердің саны;
4) ЖЖОКБҰ басшысының қолы;
5) реттік тіркеу нөмірі;
6) берілген күні;
7) ЖЖОКБҰ мөрі болады.
Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мынадай сериялары бар:
1) бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы диплом - BD;
2) біліктілік берілетін жоғары білім туралы диплом - BQ;
3) магистр дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом - MD;
4) іскерлік әкімшілік жүргізу магистрі дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом - МВA;
5) іскерлік әкімшілік жүргізу докторы дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом - DВA;
6) магистр дипломына куәлік - СМD;
7) педагогикалық қайта даярлау туралы сертификат - СРR;
8) философия докторы (PhD) дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом - PhD;
9) бейіні бойынша доктор дәрежесі берілетін жоғары оқу орынан кейінгі білім туралы диплом - PD.
Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттың әр түрін нөмірлеу арнайы қызметті қолдану арқылы жасалады.
Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттың нөмірлерін қалыптастыру ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне енгізілген білім алушылар туралы ақпарат негізінде жүзеге асырылады.
Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нөмірлерін және QR кодтарын жасау бойынша жұмысты жүзеге асыру үшін әрбір ЖЖОКБҰ-да жауапты тұлғалар үшін есептік жазба жасау арқылы арнайы сервиске қол жеткізу қамтамасыз етіледі.
Бұл ретте білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нөмірлерін және QR кодтарын жасауға жауапты тұлғалар ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен тағайындалады.
Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нөмірлерін және QR кодтарын қалыптастыруға бақылауды жүзеге асыру ЖЖОКБҰ басшысына жүктеледі.
1) оқуды аяқтаған Қазақстан Республикасы азаматтары үшін «тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)» деген жолда адамның жеке басты куәландыратын құжаттағы (не оны алмастыратын құжаттағы) жазбаға сәйкес толық жазылады;
2) шетелдік азаматтың «тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)» деген жолда шетелдік паспорттың деректері бойынша жазылады;
3) «білім беру ұйымының толық атауы» деген жолда ЖЖОКБҰ ресми атауы көрсетіледі;
4) «дәреже/біліктілік берілді» деген жолда - берілетін дәреженің/біліктіліктің атауы;
5) «мамандықтың және (немесе) білім беру бағдарламасының коды және атауы» деген жолдарда мамандықтың және (немесе) білім беру бағдарламасының коды, атауы көрсетіледі;
6) «оқыту нысаны» деген жолда оқыту нысаны көрсетіледі.
Білім алушылар қашықтықтан оқытуға ауыстыра отырып, оқытудың барлық кезеңінде білім беру бағдарламалары пәндерінің жалпы санының 50% игерген кезде «оқыту нысаны» жолында «қашықтықтан оқытуға ауыстыра отырып» тиісті белгі көрсетіледі;
7) бланкіде берілетін дипломның сериясы мен нөмірі, білім беру ұйымы орналасқан қала, бланкінің берілген күні: күні (санмен), айы (жазумен) және жылы (төрт таңбалы санмен), берілетін бланкілерді тіркеу журналы бойынша бланкінің тіркеу нөмірі көрсетіледі;
8) аттестаттау комиссиясы хаттамасының күні, нөмірі көрсетіледі;
9) философия докторы (PhD) дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом, бейіні бойынша докторы дәрежесі берілетін жоғары оқу орынан кейінгі білім туралы диплом бланкісінде күні мен диссертациялық кеңес отырыс хаттамасының нөмірі (ерекше мәртебесі бар ЖЖОКБҰ үшін) немесе Комитет шешімінің күні мен бұйрық нөмірі (ерекше мәртебесі жоқ ЖЖОКБҰ үшін) көрсетіледі.
1) тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) толық көрсетіледі;
2) пәндердің атауы, академиялық кредиттердің саны - ECTS. Бағалау (әріптік баламада, балмен және дәстүрлі (жазумен));
3) «Қорытынды аттестаттау» деген жолда академиялық кредиттердің атауы, саны - ECTS және бағасы (әріптік баламада, балмен және дәстүрлі (жазумен) көрсетіледі. Егер кешенді емтихан тапсырылса, онда кешенді емтиханға кіретін пәндердің атауы көрсетіледі және бір баға қойылады; 4) «Алдыңғы білім туралы құжат» деген сөздерден кейін осы адамды ЖЖОКБҰ-ға қабылдауға негіз болған білім туралы құжаттың атауы, құжаттың нөмірі және оның берілген жылы көрсетіледі. Егер алдыңғы білім туралы құжат шетелде алынған кезде, оның мемлекеттік, ағылшын және (немесе) басқа (орыс және т.б.) тілдерге аударылған атауы және осы құжат берілген елдің атауы көрсетіледі;
5) «Оқуға түсті» және «Оқуды аяқтады» деген жолда тиісінше оқуға түскен жылы және оқуды бітірген жылы төрт таңбалы сандармен, сондай-ақ осы адам оқуға түскен ЖЖОКБҰ толық атауы және осы адам бітірген ЖЖОКБҰ-ның атауы көрсетіледі. Студент оқи алатын басқа ЖЖОКБҰ көрсетілмейді;
6) «Игерілген академиялық кредиттердің жалпы саны - ECTS» деген жолда кредиттер саны цифрлармен көрсетіледі;
7) «Оқытудың орташа өлшемді бағасы (GPA)» деген жолда оқудың барлық кезеңіндегі орташа балл цифрлармен көрсетіледі;
8) «Кәсіптік практика» деген жолда академиялық кредиттердің атауы, саны - ECTS және бағасы (әріптік баламада, балмен және дәстүрлі (жазумен) көрсетіледі;
9) «Теориялық оқыту кредиттерінің саны» және «Теориялық оқыту ECTS кредиттерінің саны» деген жолда теориялық оқыту кредиттерінің саны цифрлармен көрсетіледі;
10) «Аттестаттау комиссиясының шешімімен» деген жолда хаттаманың нөмірі және күні цифрлармен көрсетіледі;
11) «Берілді (берілді)» деген жолда дәреже/біліктілік көрсетіледі;
12) «Мамандық және (немесе) білім беру бағдарламасы бойынша» деген жолда мамандықтың және (немесе) білім беру бағдарламасының коды мен атауы көрсетіледі;
13) «Ұлттық біліктілік шеңберіне сәйкестік деңгейі» деген жолда мынадай деңгей цифрлармен көрсетіледі: бакалавриат үшін - 6, магистратура үшін - 7, докторантура үшін - 8.