Оқуға түсуге арналған құжаттар тізімі:
- Жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі туралы құжат (түпнұсқа және көшірмесі);
- 3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;
- 075/е нысаны бойынша медициналық анықтама (түпнұсқа және көшірмесі);
- 065/е немесе 063/е нысаны бойынша профилактикалық екпелер картасының көшірмесі;
- Жеке басын куәландыратын құжаттың үш көшірмесі;
- ҰБТ нәтижелерінің екі көшірмесі (толық оқу мерзіміне, сондай-ақ гранттар конкурсына қатысу үшін қысқартылған оқу мерзімдері бойынша түсу үшін);
- Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік (грант иегерлері үшін, конкурс нәтижелері жарияланғаннан кейін);
- Ведомостан үзіндіні (арнаулы және (немесе) шығармашылық дайындықты талап ететін, оның ішінде "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін);
- Басым құқықты/квотаны/жеңілдікті растайтын құжаттар (бар болған жағдайда);
- Әскери билет/тіркеу куәлігінің көшірмесі.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген құжаттардың бірін қосымша тапсырады.
Университетке қабылдау үшін мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтар қабылдау комиссиясына қосымша мынадай құжаттарды ұсынады:
- әскери билеттің көшірмесі;
- мерзімді әскери қызмет өткергенін растау туралы анықтама (ХҚКО-дан немесе E-GOV ақпараттық жүйесі арқылы алынған).
Әрбір құжат электронды тасымалдағышта PDF форматында ұсынылуы керек.
Құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда университеттің қабылдау комиссиясы құжаттарды қабылдамайды.
Қабылдау комиссиясының мекен-жайы: Қостанай қ., Тәуелсіздік к., 118
Электрондық пошта: talapker@ksu.edu.kz
Instagram: kru_kst_priyem
Жұмыс номері: 8 (7142) 54-28-49