Тағылымдама бағыты: Ветеринария
Ғылыми тағылымдаманың тақырыбы: "Мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы"
Тағылымдамадан өту мерзімі: 01.04.2024-30.06.2024 ж.
Ғылыми тағылымдама бағдарламасы бойынша қойылған міндеттер толығымен орындалды. Ветеринария және тамақ қауіпсіздігі саласындағы мамандарды даярлаудың білім беру тәжірибесі зерделенді; жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты ғылыми зерттеулер жүргізілді; шикізаттан оқшауланған бактериялардың фенотиптік және генотиптік төзімділігі зерттелді; Каунас қаласының аумағында оқшауланған бактериялардың изоляттарына салыстырмалы талдау жүргізілді. Кадрларды даярлаудың түрлі бағыттарында тұрақты интеграция, нығайту және өзара іс-қимыл жасау үшін университеттер арасында байланыстар жолға қойылған.
Тағылымдамадан өту кезеңінде келесі іс-шараларға қатысты:
- 24.04.-25.04.2024 ж. "Көктемгі білім 2024: модельдеу лабиринтінде қалай адаспауға болады?».
- 26.04.2024 ж. Литва микробиологтарының съезіне және "Микробиология 2024" ғылыми конференциясына қатысу.
- 30.04.2024 ж. "Ветеринариялық медицина" мамандығы бойынша 2 жыл оқыған магистранттардың магистрлік диссертацияларын алдын ала қорғауға қатысу.
- 14.05.-15.05.2024 ж. Терамо университетінің (Италия, Пиза) ғалымдарының "Ветеринариялық практикада жасанды интеллектті қолдану" тақырыбындағы дәрістеріне қатысу.
- 30.05.2024 ж. "Антибиотиктерге төзімділік. Өсімдіктердің белсенді заттарын пайдалану арқылы сиырлардың өмір сүру сапасын жақсарту".
- 19.06.2024 ж. "Бір денсаулық: тамақ қауіпсіздігі мәселелері" Халықаралық ғылыми конференциясына қатысу.
- 18.05.2024 ж. Зоологиялық саябаққа бару; зоологиялық мұражай студенттерді, магистранттарды оқыту және ғылыми зерттеу кезінде саябақ қорын пайдалану тәжірибесімен танысу.
- 17.04.2024 ж. Литва денсаулық ғылымдары университетінің ветеринарлық дәрігерлерді Практикалық оқыту және тестілеу орталығына (PMBC) бару; Литва денсаулық ғылымдары университетінің жабайы табиғатты күту орталығына (LGGC) бару.
- 26.04.2024 ж. Мал шаруашылығы факультетінің деканы, профессор Е. Барткниен және ветеринария факультетінің деканы, профессор Р. Станкевичуспен кездесу бірлескен ғылыми зерттеулер мен ветеринариялық бейіндегі кадрларды даярлау бойынша ынтымақтастықты талқылау.
- 20.05.2024 ж. HACCP стандарттарын енгізу тәжірибесін зерттеу үшін мал шаруашылығы кешеніне бару.
- 28.05.2024 ж. Литва, Каунас қаласындағы сүтті талдаудың еуропалық тәжірибесін зерттеу үшін "Pieno Tyrimai" Республикалық сүт зерттеу орталығына бару.
- 29.05.2024 ж. Литвалық қой тұқымының генофондысын сақтау бойынша асыл тұқымды қой шаруашылығына бару. Сою технологиясын және HACCP және LSMU мал шаруашылығы институтының стандарттарын енгізу тәжірибесін зерттеу.
- 30.05.2024 ж. HACCP стандарттарын, өндірістік бақылау әдістерін енгізу және қолдану тәжірибесін зерттеу мақсатында "NORVELITA" балық өңдеу кәсіпорнына және "Raseiniu Zuvininkyste" балық өсіру шаруашылығына бару.
Оқыту тағылымдамадан өтушінің бекітілген жеке кестесіне сәйкес жүргізілді. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша тағылымдама шеңберінде Scopus базасынан шетелдік журналға 1 қолжазба, ҚР ҒжЖБМ ҒжЖБСҚК ұсынған журналға 1 мақала дайындалды, зертханалық сабақтарға арналған оқу құралын шығару үшін материалдар жиналды.
