Білімді үнемдеу және өмір бойы білім алу мақсатында ақпараттық сауаттылықты дамыту (DIREKT)

>Семинар және жоба кездесулері<

>Жобаның онлайн платформасы<

Жобаның мақсаты:

         Білім беру бағдарламаларына ақпараттық сауаттылық (АС) компетенциясын енгізуді үйрену жолымен Болон үдерісін дамыту. АС-ты оқу жоспарына біріктіруші бағдарламалар құрастыру (үш циклдық жүйеге енетін (бакалавр/магистр/доктор)), жалпы қоғамдағы үдемелі сауаттылықты дамыту үшін квалификацияны мойындау және сапаны қамтамасыз ету.

 

Жобаның міндеттері:

-         Өмір бойы білім алу үшін АС бағдарламасын дамыту, оларды өажеттілік шеңберінде оқу бағдарламаларында қолдану;

-         АС-тың инновациялық онлайн модульдерін дамыту;

-         Қазіргі таңда ЕО елдерінде қолданылатын бағдарламалармен АС бағдарламасын байланыстыру, потенциалдарын нығайту;

-         АС-тың саясатын жасау: басты қағидалары – мақсаттары мен міндеттерін;

-         АС-ты дамытуға жасалған қадамдарға және олардың беріктігіне қатысты ақпарат тарату.

 

Еуроодақ координаторы (үйлестірушісі):

Лимерик технологиялық институты, Ирландия

 

Серіктестер:

Н.И.Огарев атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті

Қиыр-Шығыс федералды университеті

Э.Кант атындағы Балтық федералды университеті

С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Пекин технология институты

Солтүстік-Батыс политехникалық университеті

Нанкин университеті

Жоба 2020 жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру жобалары көрмесіне "белсенді қатысқаны үшін" мақтау қағазымен марапатталды.

Жоба НЕО 2018 көрмесінде "тиімді ынтымақтастық және көрнекті командалық рух үшін" мақтау қағазымен марапатталды.

 

Ескерту: жоба Еуропалық комиссияның қолдауымен қаржыландырылады. Бұл сайттың мазмұны университеттің жауапкершілігінің мәні болып табылады және Еуропалық Комиссияның көзқарасын білдірмейді.

Қабылдау комиссиясы