«Жаһандық сын-қатерлер жағдайындағы ұлттық қауіпсіздік: қамтамасыз етудің экономикалық және құқықтық тетіктері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2026 жылдың 02 желтоқсанында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының құрметті қызметкері, запастағы генерал-майор Дауенов Михаил Юсуповичті еске алуға арналған «Жаһандық сын-қатерлер жағдайындағы ұлттық қауіпсіздік: қамтамасыз етудің экономикалық және құқықтық тетіктері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізу жоспарлануда.

Конференцияны өткізу тілдері - қазақ, орыс, ағылшын тілдері.

Конференция жұмысының форматы - офлайн, онлайн.

Конференция жұмысына қатысуға отандық және шетелдік ғалымдар, оқытушылар, практикалық қызметкерлер, аспиранттар, докторанттар, магистранттар шақырылады.

Ғылыми мақалаларды қабылдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

  1. Көпполярлы әлемдегі ұлттық қауіпсіздік.
  2. Ұлттық қауіпсіздікті қорғаудың қылмыстық-құқықтық тетіктері.
  3. Ұлттық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету: азаматтық-құқықтық аспект.
  4. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің конституциялық-құқықтық негіздері.
  5. Ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі жасанды интеллект: даму траекториялары және жаһандық тәуекелдер.
  6. Жаһандық трансформация дәуіріндегі тұрақты даму және тиімді басқару стратегиялары.
  7. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің заманауи қаржылық-экономикалық тетіктері.

Конференцияға қатысушылар басқа да сабақтас тақырыптар бойынша баяндамалар ұсына алады.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қабылдау комиссиясы