object(DateTime)#1027 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-21 17:15:18.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

«Жаһандық энергетикалық жүйедегі атом электр станцияларының (АЭС) экономикалық артықшылықтары» тақырыбында алдағы референдум мәселелеріне арналған өңірлік ғылыми-практикалық конференция

2024 жылдың 30 қыркүйегінде Қостанайда «Жаһандық энергетикалық жүйедегі атом электр станцияларының (АЭС) экономикалық артықшылықтары» тақырыбында алдағы референдум мәселелеріне арналған өңірлік ғылыми-практикалық конференция өтеді. Конференция энергетика және атом өнеркәсібі саласындағы өзекті мәселелерді талқылау үшін түрлі университеттер мен ғылыми мекемелердің өкілдерін жинайды.

Конференция Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетімен ұйымдастырылып, күндізгі және гибридті форматта өтеді, сондықтан бұл іс-шараға қашықтықтан да қосылуға мүмкіндік бар.

Конференцияның негізгі тақырыптары:

Конференцияға қатысушылардың арасында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетін, М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетін, Ы. Алтынсарин атындағы, Арқалық педагогикалық институтын және тағы басқаларды қоса алғанда, Қазақстанның ірі ғылыми және білім беру мекемелерін ұсынатын жетекші ғалымдар, профессорлар мен магистрлер болады. Спикерлер энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі мәселелерін, энергетика саласындағы шешімдерді, сондай-ақ Қазақстан мен әлемде атом энергетикасын дамытудың тарихы мен перспективаларын талқылайды.

Конференция энергетика саласындағы ғалымдар мен практиктер арасында білім мен тәжірибе алмасу үшін маңызды алаңға айналады, сондай-ақ тұрақты энергия көздеріне көшудің жаһандық процестеріндегі атом энергетикасының рөлін талқылауға мүмкіндік береді.

Өткізілетін күні мен орны:

Конференция 2024 жылдың 30 қыркүйегінде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінде өтеді., бас ғимараттың мәжіліс залы, Байтұрсынов көшесі  47, 3 қабат.

Конференцияға гибридті форматта қосылу үшін арнайы сілтемені пайдалана отырып, Zoom арқылы қатысу мүмкіндігі қарастырылған.

Бағдарламасы

Қабылдау комиссиясы