«А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі бос лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
«Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мекен-жайы Қостанай қаласы, А. Байтұрсынов көшесі, 47.
Қызметтің негізгі мәні – жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну.
Қызметтің мақсаты – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және білім беру үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім, білім беру ұйымында және (немесе) білім беру саласындағы уәкілетті органда басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі.
Конкурсқа төмендегі тұлғалар қатыса алмайды:
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушылар, конкурсқа қатысушылар 6, 7 және 8-тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Конкурсты өткізу күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ Корпоративтік хатшысына ұсыну қажет, Қостанай қаласы, А. Байтұрсынов көшесі 47, 8(7142) 511142.