object(DateTime)#1026 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-21 17:56:42.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ
Ракпанова Диана Болатовна Бастық
Структурные подразделения
Контакты
110000, ҚР, Қостанай қ., Тәуелсіздік көш., 118, каб. 124 Адрес

Жастар саясаты басқармасы

Жастар саясаты басқармасының негізгі мақсаты - А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетіндегі 2021-2025 жж -кафедралардың, факультеттердің, университет институтының тәрбие процесін басқару жүйесін жетілдіру және оларға білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы тұжырымдамасын табысты іске асыру жөніндегі жұмысын үйлестіру.

Университеттің сапасын қамтамасыз ету жүйесі аясындағы негізгі міндеттер:

  • студенттердің арасында патриоттық және ұлттық сана-сезімін қалыптастыру, қазіргі өмір жағдайындағы рухани-адамгершілік құндылықтарды, құқықтық мәдениет негіздерін, конфессияаралық толеранттылықты дамытуға, Қазақстан азаматтарының ұлттық бірлігі идеяларын және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған мәдени-тәрбиелеу ортасын құру бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастыру;
  • студенттік ортадағы аддиктивті мінез-құлық пен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, студенттердің діни санасының өзгеруінің жай-күйі мен динамикасының мониторингін ұйымдастыруға, радикалды деструктивті идеялардың таралуына жол бермеуге бағытталған ЖОО студенттерін әлеуметтік қорғауды және психологиялық қолдауды қамтамасыз ету.

Мақсаты мен міндеттеріне сәйкес жастар саясаты басқармасы:

  • студенттік өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық және шығармашылық бірлестіктердің, тәрбие жұмысымен айналысатын университет бөлімшелерінің жұмысын үйлестіреді;
  • "куратор мектебі" корпоративтік оқыту курсының бағдарламасын, оның міндеттері мен бағыттарына сәйкес тәрбие жұмысын жетілдіру, сондай-ақ академиялық топ кураторларының жұмысын жақсарту мақсатында тәрбие және мәдени-демалыс қызметінің тиімді нысандарын пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдарды әзірлейді;
  • білім алушыларды институттың, университеттің мәдени дәстүрлері жүйесіне, ұжымдық тұлғалық-бағдарланған шығармашылық істерге, еңбек тәрбиесіне, рухани құндылықтарды, адамгершілік мұраттарды игеруге, сондай-ақ студенттің ар-намыс кодексін, этикет ережелерін сақтауға, азаматтық жауапкершілікті көрсетуге тартуды көздейтін тәрбиенің әртүрлі бағыттары бойынша әлеуметтік маңызды іс-шаралар өткізеді;
  • жүргізіліп жатқан тәрбие жұмысын талдау, бар проблемаларды анықтау және оны одан әрі шешу, студент жастарды қоғамдық маңызды қызметке тарту бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында білім алушылар арасында әлеуметтанулық зерттеулер ұйымдастырады;
  • студенттік жатақханалардағы орындарды бөледі және білім алушыларды тұру жағдайларына бейімдеу, қауіпсіздік техникасын сақтау және өрттен қорғау бойынша іс-шаралар өткізеді;
  • перспективалық және ағымдағы жоспарлау, студенттік клубтар мен үйірмелердің жұмысын ұйымдастыру, тәрбиелік ықпал ету әдістерін, тәсілдерін, нысандары мен құралдарын тиімді пайдалану, туындаған психологиялық проблемаларды шешу мәселелері бойынша консультациялар өткізеді;
  • студенттік өзін-өзі басқаруды дамытуға; институттың, университеттің қоғамдық өміріне барша студенттерді тартуға; білім алушылардың шығармашылық әлеуетін жандандыруға; олардың өзін-өзі жүзеге асыру, бастаманы дамыту, рефлексивті интроспекция және өзін-өзі бағалау мүмкіндігін арттыруға жәрдемдеседі;
  • институт,факультет, университет деңгейінде тәрбие жұмысы тұжырымдамасының іске асырылуын, сондай-ақ білім алушылардың қоғамдық тәртіпті, жатақханаларда тұру ережелерін, университеттегі ішкі тәртіп ережелерін сақтауын бақылауды жүзеге асырады.
Қабылдау комиссиясы