Мақсат 5: Гендерлік теңдікті қамтамасыз ету және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту

Тапсырмалар:

  • Әйелдер мен қыздарға қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жаппай жою.
  • Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлықты қоғамдық және жеке салаларда, атап айтқанда адам саудасы мен сексуалды және басқа да пайдаланудың барлық нысандарында жою.
  • Балалық, ерте және мәжбүрлі некелесу және аналық жыныс мүшелеріне жарымжан ететін оталар жасау секілді барлық зақым келтіретін тәжірибе түрлерін жою.
  • Коммуналдық қызметтерді, инфрақұрылымды және әлеуметтік қорғау жүйелерін ұсынумен және ұлттық жағдайларды ескере отырып, шаруашылықты жүгізудегі және отбасындағы жалпы жауапкершілік қағидасын мадақтаумен үй шаруасын жүргізу және күту бойынша төленбейтін еңбекті мойындау әрі бағалау.
  • Әйелдердің жан жақты және шынайы қатысуын және олар үшін саяси, экономикалық және қоғамдық өмірдегі шешім қабылдаудың барлық деңгейіндегі көшбасшылық үшін бірдей мүмкіндікке ие болуын қамтамасыз ету.
  • Сексуалды және өрбіту денсаулығын сақтау саласында және Халықаралық конференцияның Тұрғын халық пен даму бойынша іс-әрекеттер бағдарламасына, Әрекеттердің Пекиндік платформасына және оларды орындау барысын қарастыру бойынша конференцияның қорытынды құжаттарына сәйкес өрбіту құқықтарын іске асыруға жалпыға ортақ қолжетімділікпен қамтамасыз ету.
  • Әйелдерге экономикалық ресурстарға тең құқықтарды, сондай-ақ жерді және басқа да меншік түрлерін иеленуге және басқаруға, қаржылық қызметтерге, мұраға қалдырылған мүлікке және ұлттық заңдарға сәйкес табиғи ресурстарға деген қолжетімділікті ұсыну мақсатында реформалар жасау.
  • Тиімділігі жоғары технологияларды, негізінен ақпараттық-коммункациялық технологияларды әйелдердің құқықтарын және мүмкіндіктерін кеңейтуге жәрдемдесу үшін белсендірек пайдалану.
  • Гендерлік теңдікті мадақтау және барлық әйелдер мен қыздардың құқықтары мен мүмкіндіктерін бүкіл деңгейлерде кеңейту мақсатында парасатты стратегиялар мен міндетті түрде сақталуы тиіс заңдарды қабылдау және жетілдіру.

Жаңалықтар

ФРАНЦИЯЛЫҚ білімге толы қоржын

Baitursynuly University филологтары француз тілі мұғалімдеріне арналған Х Халықаралық жазғы мектептен олжалы оралды. Шымкент төрінде, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің базасында өткен он күндік басқосуда оқытушыларымыз...

33 беттік еңбек пен лайықты ҚОЛА ЖҮЛДЕ!

ҚӨУ пединститутының («Тарих» БББ) студенті Қазақстан жоғары оқу орындары студенттерінің республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында үздіктер қатарынан көрініп, 3-орынды иеленді. Алтынай Қайыржан – Солтүстік Қазақстан...

«БОЛАШАҚ» – кәсіби және ғылыми дамуға берілетін бірегей мүмкіндік

Шетелдік ғылыми тағылымдама – бұл тек тәжірибе алмасу ғана емес, сонымен қатар жаңа идеялар мен заманауи әдістемелерді игеру, халықаралық ғылыми байланыстар орнату мүмкіндігі. Осындай тәжірибеге Baitursynuly University жаратылыстану пәндері...

Француз НАҚЫШЫНДА

Астанада Франция–Қазақстан «Lumière» қорының салтанатты ашылуы өтті. Қор екі ел арасындағы жоғары білім мен ғылым саласындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған. Ашылу рәсіміне ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат...
Барлық жаңалықтар