Мақсат 4: Ауқымды және әділетті сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығы үшін бүкіл өмір бойы оқу мүмкіндігін көтермелеу

Тапсырмалар:

  • 2030 жылға дейін барлық қыздар мен ер балалардың талап етілетін және тиімді оқу нәтижелеріне жетуге мүмкіндік беретін ақысыз, сапалы және тең құқылы бастауыш және орта білімге ие болуын аяқтауды қамтамасыз ету.
  • 2030 жылға дейін барлық қыздар мен ер балаларды бастауыш білім алуға дайын болатындай сапалы даму, күту жүйелерімен және мектеп жасына дейінгі балаларды мектепалды оқытуға қолжетімділікпен қамтамасыз ету.
  • 2030 жылға дейін барлық әйелдер мен еркектерді қымбат емес және сапалы кәсіптік-техникалық және жоғарғы біліммен, соның ішінде университеттік біліммен қамтамасыз ету.
  • 2030 жылға дейін талап етілетін машыққа, атап айтқанда жұмысқа орналасу, лайықты жұмысқа ие болу және кәсіптік қызметпен айналысу үшін кәсіптік-техникалық машыққа ие жас және ересек адамдардың мөлшерін анағұрлым ұлғайту.
  • 2030 жылға дейін білім беру саласындағы гендерлік теңсіздікті жою және халықтың осал топтарын, атап айтқанда мүгедектерді, байырғы халық өкілдері мен осал жағдайдағы балаларды білімге және барлық деңгейдегі кәсіптік-техникалық даярлауға деген бірдей қолжетімділікпен қамтамасыз ету.
  • 2030 жылға дейін барлық жас адамдар және еркектерді де, әйелдерді де қосқандағы ересек халықтың анағұрлым көп үлесі оқи алатындай, жаза алатындай, санай алатындай жасау.
  • Балалардың мүдделерін, мүгедектердің ерекше қажеттіліктерін және гендерлік аспектілерді ескеретін білім ордаларын құру және жетілдіру және барлығына бірдей қауіпсіз, зорлықтан және әлеуметтік тосқауылдардан еркін және тиімді білім алу ортасын қамтамасыз ету.
  • 2020 жылға дейін дамыған және басқа да дамушы елдерде кәсіптік-техникалық білімді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, техникалық, инженерлік және ғылыми бағдарламаларды есептегенде жоғары білім алу үшін дамушы, әсіресе ең нашар дамыған елдерге, шағын аралдық дамушы мемлекеттер және африка елдеріне ұсынылатын шәкіртақылар мөлшерін бүкіл әлем бойынша көбейту.
  • 2030 жылға дейін білікті мұғалімдер санын дамушы, әсіресе ең нашар дамыған елдер және шағын аралдық дамушы мемлекеттерде мұғалімдерді даярлау бойынша халықаралық ынтымақтастық арқылы көбейту.

Жаңалықтар

САНДЫҚ жобалардың зертханасы

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-де Digital AI Lab цифрлық білім беру жобалары зертханасы ашылды. Зертхана ҚӨУ Цифрлық технологиялар және жасанды интеллект бөлімі жанынан ашылды. Бұл – цифрлық және жасанды интеллектке негізделген шешімдерді...

ҚӨУ МАГИСТРЛЕРІ әлемді бағындыруға дайын

Baitursynuly University-де магистратураның қыста қабылданған түлектеріне диплом тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Биыл 48 магистрант оқуын сәтті аяқтап, университет ректоры Сеитбек Қуанышбаевтың қолынан диплом алды. Магистратура түлектері бүгіннің...

«Оқы және жең»: ҚӨУ оқытушысы топ жарды

Қостанай облысында дәстүрлі түрде өтетін «Оқы және жең» байқауы биыл төртінші рет ұйымдастырылды. Бағын сынаған 9800 адамның арасында бәсеке өте жоғары болды. Шарт бойынша қатысушылар үш кітапты толық оқып, әрқайсысы бойынша тест...

Адамның ізі өшпейді…

Baitursynuly University ғалымдары тағы бір елеулі ғылыми жетістікке қол жеткізді – «Бестамақ қорымы» монографиясы жарық көрді. Еңбектің авторлары – ҚӨУ әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған...
Барлық жаңалықтар