object(DateTime)#1027 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-21 20:47:29.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Ішкі аудит қызметі басшысының бос лауазымы

Біліктілікке қойылатын талаптар:

Мемлекеттік және шет тілін (тілдерін) білгені жөн.

Міндеттері:

  1. Университеттің қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштеріне аудит және бағалау жүргізеді.
  2. Нәтижеге бағдарланған ЖОО бюджетін пайдаланудың тиімділігіне бағалау жүргізеді.
  3. Университетте ішкі бақылау жүйесінің тәуекелдерін басқару аудитін жүргізеді.
  4. Университеттің бухгалтерлік есеп жүйесінің, ақпаратының (жоспарлары мен есептілігінің) анықтығын, толықтығын, объективтілігін және сенімділігін бағалауды, сондай-ақ ішкі және сыртқы пайдаланушыларға осындай ақпаратты (жоспарлар мен есептілікті) сәйкестендіру, өлшеу, жіктеу және ұсыну үшін пайдаланылатын қағидаларды (қағидаттарды, әдістерді) бағалауды жүргізеді.
  5. Ресурстарды, активтерді есепке алуды, олардың сақталуын (қалпына келтірілуін) және/немесе қауіпсіздігін (қорғалуын) қамтамасыз етудің қолданылатын әдістерінің (тәсілдерінің) ұтымды және тиімді пайдаланылуына бағалау жүргізеді.
  6. Университеттің Қазақстан Республикасы заңнамасының, ішкі саясаттардың және өзге де құжаттардың талаптарын сақтауына, сондай-ақ осы талаптарға сәйкестікті қамтамасыз ету үшін жасалған және қолданылатын жүйелер мен рәсімдердің тиімділігіне бағалау жүргізеді.
  7. Университет органдары шешімдерінің және уәкілетті (қадағалаушы) мемлекеттік органдар ұйғарымдарының (ұсыныстарының) орындалуына талдау және бағалау жүргізеді.
  8. Университеттің бірлесіп бақыланатын ұйымдарының ішкі аудит қызметтерінің жұмысын әдіснамалық қамтамасыз етуді және үйлестіруді жүзеге асырады.
  9. Корпоративтік басқару жүйесінің және оны жетілдіру процесінің тиімділігіне, этикалық стандарттар мен құндылықтардың сақталуына бағалау жүргізеді.

Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7142) 51-16-64, +77774907779 телефондары арқылы хабарласуға болады.  Ансабаева Асия Симбаевна

Қабылдау комиссиясы