object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-01-15 21:57:16.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Студенттік парламент

Майлибаева Дарина Канатовна

Студенттер Парламентінің Президенті

Бақсұлтан Жақсыбек Әмірбекұлы

Премьер министр

Студенттік өзін – өзі басқару - оқуды, өмірді, бос уақытты ұйымдастырудың өмірлік маңызды мәселелерін шешу бойынша студенттердің өзіндік, шығармашылық және жауапты қызметі. Университеттегі оқу-тәрбие процесін басқарудың жалпы жүйесінің элементі бола отырып, студенттік өзін-өзі басқару студенттердің қоғамдық пікірін зерделеу негізінде олардың мүдделерін, қажеттіліктерін барынша ескеруді көздейді.

Студенттік өзін-өзі басқарудың негізгі міндеттері:

  •  студенттердің оқуға, қоғамдық қызметке жауапкершілікпен және шығармашылық көзқарасын дамыту;
  • студенттік өмір мәселелерін шешуде дербес негізінде белсенді өмірлік ұстанымды, басқару қызметінің дағдыларын қалыптастыру;
  • болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыратын бастамашыл қасиеттерді тәрбиелеу;
  • әкімшілікке, профессорлық-оқытушылық құрамға оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруға және жетілдіруге көмек көрсету;
  • студенттердің бос уақытын пайдалы түрде ұйымдастыру, студенттік ұжымның әрбір мүшесінің жеке басының жан-жақты дамуына жәрдемдесу;
  • университетте қоғамдық ұйымдардың қызметін жандандыру.

Бүгінгі таңда Студенттік Парламент ЖОО-ның барлық студенттік контингентінің 80% дерлік қызметін біріктіреді.

Студенттер үйінің Студенттік кеңестері жатақхананың студенттік ұжымын қалыптастыруға және тұрудың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға бағытталған мәдени-бұқаралық, спорттық-сауықтыру, тәрбие жұмысын үйлестіретін қоғамдық органдар болып табылады.

Жалпы, студенттік өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру студенттердің оқу үлгерімінің сапасын арттыруға және оқу тәртібін нығайтуға, олардың кәсіби және әлеуметтік мүдделерін, шығармашылық әлеуетін және қоғамдық-маңызды бастамаларын іске асыруға, студенттік ортада қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуал құруға бағытталған. Студенттік өзін-өзі басқару қызметінің нәтижесі, ҚР Мемлекеттік жастар саясатын және студенттік корпоративтік мәдениетті іске асыру болып табылады.

Қабылдау комиссиясы