object(DateTime)#1024 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-21 13:43:53.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

Қазақ халық аспаптары ансамблі

Қазақ халқының ең сүйікті аспабы – домбыра. Домбыра аспабының  тарихы халық тарихымен тығыз байланысты. Домбыра күйлерінде көптеген тарихи оқиғалар көрініс тапқан. «Қазына»  домбырашылар  ансамблінде студенттер қазақ композиторларының шығармалары  мен фольклорды қамтитын репертуарды меңгереді.

Ансамбльге әртүрлі факультеттердің студенттері қатысады. Олардың саны үнемі өсіп, өзгеріп отырады.

Репертуарда «Адай»,  «Ыңғайтөк», «Қосбасар», « Желдірме», «Қөңіл ашар», «Арман», «Торжорға», «Ел айрылған», «Балбырауын», «Алтынай», «Көрғұлы».

Бұл шығармаларды орындауда косымша  дабыл, бас домбыра, тұяқ, шертер қолданылады.

Ансамбльдің қойылымдары университеттің ерекше және мерекелік шараларын безендіріп, студенттердің төл музыкалық мәдениетіне деген сүйіспеншілігін оятады.

Студенттерге арналған «Өнер» шығармашылық орталығы жұмыс істеген жылдар ішінде домбырашылар түрлі байқауларда үздік нәтиже көрсетті.

Ансамбль Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен «Астана жұлдыздары» қозғалысының халықаралық фестиваліне онлайн форматта қатысты. «Шабыт» ансамблі ІІ халықаралық вокалдық-аспаптар байқауының I дәрежелі лауреаты атанды.

Сондай-ақ, «Өнер» студенттік шығармашылық орталығының оқушылары «GOLDEN SUND» халықаралық вокалды-аспаптық байқауының жеңімпаздары қатарында.

Қабылдау комиссиясы