Жас ғалымдар кеңесінің мүшесі, Азық-түлік қауіпсіздігі және биотехнология кафедрасының қауымдастырылған профессоры м.а., PhD доктор Төлеген Жұмашкенұлы Қобжасаров үстіміздегі жылдың 8 шілдесінен 15 шілдесіне дейін, PhD доктор, профессор Jan Micinski шақыруымен, ERASMUS+ Projekt 2020-1-PL01-KA107-079226 «академиялық ұтқырлық» бағдарламасы аясында Ольштын қаласындағы Вармия және Мазури университеті (University of Warmia and Mazury in Olsztyn (PL OLSZTYN01) студенттеріне 8 сағаттық дәріс оқыды.
Дәріс барысында Төлеген Жұмашкенұлы мал шаруашылығы саласындағы ғылыми мәселелерді қозғады. Сондай-ақ, өзінің көпжылдық ғылыми зерттеулерінің нәтижелері негізінде келесі тақырыптар бойынша дәріс оқыды:
Сапар барысында тараптар ғылыми-білім беру саласындағы ынтымақтастықтың, атап айтқанда болашақтағы бірлескен жобаларды талқылады.
Дәрістердің соңында университет басшылығы лекторға қатысқаны туралы сертификат пен Польша-Қазақстанның екі туы бейнеленген құрметті оқытушы төсбелгісін табыс етті.