object(DateTime)#1001 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-01 00:31:36.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІН ҚҰРУ

2024 жылғы 23 ақпанда ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Ғылым академиясы құрған Жас ғалымдар кеңесінің бірінші мәжілісіне ЖҒК төрағасының орынбасары Ж.Ж. Бермұхаметов қатысты. Кездесуге еліміздің барлық өңірлерінен келген жас ғалымдар қатысты, кездесу ҚР ҰҒА Президентінің төрағалығымен өтті, ол ЖҒК-нің төрағасы мен мүшелерін таныстырды.

Ұлттық Ғылым академиясының басты міндеті - ел экономикасының дамуына зияткерлік үлес қосуға қабілетті және талантты орталыққа айналу.

Мәжіліс Қазақстан Республикасының ЖОО мен ҒЗИ-нан 60-қа жуық жас ғалымдарымен офлайн және 100-ден астам жас ғалымдармен онлайн ашық диалог түрінде өтті.

Жас ғалымдардың жұмысындағы және Жас ғалымдар кеңесінің жұмысын одан әрі жүзеге асыру бойынша ұсыныстар мен өзекті мәселелер тыңдалды.


Қабылдау комиссиясы