object(DateTime)#1001 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-01 00:22:35.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

2024-2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдарға арналған семинар

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің қабырғасында «2024-2026 жылдарға арналған «Жас ғалым» жобасы бойынша жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландырудың конкурстық құжаттамасын талдау» тақырыбында семинар өтті. Оған университеттің магистранттары, докторанттары, сондай-ақ жас ғалымдары қатысты.

ҚБҒЗИ-ның ғылыми қызметкері, техника ғылымдарының магистрі, азық-түлік қауіпсіздігі және биотехнология кафедрасының оқытушысы, 2022 жылы «Жас ғалым» жобасының жеңімпазы Павел Викторович Шевченко және жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Ақбидаш Қапанқызы Абдиркенова семинардың модераторлары болды.

Семинар барысында жобаның басым бағыттары, сондай-ақ ғылыми қызмет талқыланды. Конкурстық құжаттаманың әрбір тармағына назар аударылып, құжаттарды жинау, өңдеу және тапсыру үрдісі қарастырылды.

Университеттің жас ғалымдар кеңесі семинар өткізгені және жас ғалымдарға арналған конкурстық құжаттаманы кезең-кезеңімен түсіндіргені үшін Павел Викторовичке алғысын білдірді.


Қабылдау комиссиясы