Дөңгелек үстелге университет оқытушылары, жас ғалымдар мен докторанттар, сондай-ақ Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Alikhan Bokeikhan University және Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті өкілдері онлайн қатысты.
Ғылым және коммерцияландыру басқармасы басшысының м.а. Коваль Андрей Петрович алғы сөз сөйледі.
Тренчиндегі (Словакия) А. Дубчек университетінің PhD докторы, педагогика ғылымдарының докторы – Ева Сметанова «Халықаралық ғылыми зерттеулердің өзектілігі» тақырыбында баяндама жасады.
Халықаралық жобаларға қатысу үшін өтінімдер дайындау, халықаралық ғылыми зерттеулер, халықаралық гранттық агенттіктер сияқты мәселелер кездесуге қатысушылардың назарында болды. Дөңгелек үстелге қатысушылар тәжірибе алмасты, оқытудың түрлі бағыттары бойынша өз зерттеулерімен бөлісті, Қазақстан мен Словакия үшін ортақ проблемаларды және оларды шешудің негізгі бағыттарын атап өтті.
Баяндамасын аяқтағаннан кейін қонағымызға бірлескен халықаралық жобалар, гранттар және оған қажетті дағдылар туралы сұрақтар қойылды. Шабыттанған қатысушылар құнды кеңестер мен нұсқаулар үшін алғыс білдірді.
Дөңгелек үстел Ахмет Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ жас ғалымдар кеңесінің жоспарын жүзеге асыру аясында өткізілді.