Отырыстың негізгі міндеті жас ғалымдардың құрамын бекіту, сондай-ақ болашақ күнтізбелік жылға арналған ЖҒК-нің жұмыс жоспарын құрастыру және бекіту болды. Жоспарда табысты ғылыми қызметке ықпалы бар және жас зерттеушілерді қызықтыратын негізгі мотивациялық ұстанымдар айқындалды.
Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, PhD докторы Ақбидаш Қапанқызы өз сөзінде әріптестеріне кәсібилігі мен мақсаттылығы үшін алғыс білдіріп, ғылыми салада табыстар тіледі.