2025 жылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті В013-Биология мұғалімдерін даярлау бағыты бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсының II кезеңін өткізу бойынша базалық ЖОО болып табылады.
СҒЗЖ конкурстық комиссиясы 8 адам көлемінде базалық ЖОО Басқарма Төрағасы-Ректорының 2025 жылғы 01 сәуірдегі № 82 ҚН бұйрығымен бекітілді.
2025 жылғы СҒЗЖ байқауына 9 ЖОО-дан студенттердің 14 ғылыми жұмыстары түсті.
Студенттердің ғылыми жұмыстарын қарап, базалық ЖОО-ның конкурстық комиссиясы марапаттауға ұсынуға шешім қабылдады:
I дәрежелі дипломмен
- «Палиноиндикация техногенно-загруженных территорий через анализ трансформации пыльцы Pinus sylvestris L.». Авторы: Базарбаева Дильназ Жанатовна, Губайдуллина Александра Шамилевна. Ғылыми жетекшісі: Асылбекова Гулмира Ермукановна. ЖОО: «Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті» ҚеАҚ.
II дәрежелі дипломдармен
- «Торғай өзенінің ихтиофаунасы. Авторы: Қасымханова Балым Ерланқызы. Ғылыми жетекшісі: Кубеев Марат Сапабекович. ЖОО: «Ахмет Байтұрсынұлы" атындағы Қостанай өңірлік университеті» ҚеАҚ.
- «Биология пәнін оқытуда жоғары сынып оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру». Авторлары: Кесперова Нурлыайым Медетовна, Қазханова Аружан. Ғылыми жетекшісі: Бекенова Назым Аманкуловна. ЖОО: «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» ҚеАҚ.
III дәрежелі дипломдармен
- «Использование Flash-анимации при изучении ДНК на уроках биологии в школе». Авторы: Тоқсанбаева Қарақат Сәндібекқызы. Ғылыми жетекшісі: Бекенова Назым Аманкуловна. ЖОО: «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» ҚеАҚ.
- «Биология пәнін оқытуда оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын инновациялық әдістердің тиімділігін зерттеу». Авторы: Орынбаева Айбике Берікқызы. Ғылыми жетекшісі: Сапарова Г.А., Сәтібек А.Қ. ЖОО: «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» ҚеАҚ.
- «Биология пәндерін оқытуда дидактикалық материалдарды қолдану әдістемесін жетілдіру». Авторы: Қалдығұлов Айбар Қалдығұлұлы. Ғылыми жетекшісі: Адманова Гулнур Болатовна. ЖОО: «Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті» ҚеАҚ.
2025 жылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті 6В008102-Топырақтану және агрохимия білім беру бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсының II кезеңін өткізу бойынша базалық ЖОО болып табылады.
СҒЗЖ конкурстық комиссиясы 5 адам көлемінде базалық ЖОО Басқарма Төрағасы-Ректорының 2025 жылғы 01 сәуірдегі № 81 ҚН бұйрығымен бекітілді.
2025 жылғы СҒЗЖ байқауына 5 ЖОО-дан студенттердің 8 ғылыми жұмыс түсті (8 студент, 7 ғылыми жетекші).
Студенттердің ғылыми жұмыстарын қарап, базалық ЖОО-ның конкурстық комиссиясы марапаттауға ұсынуға шешім қабылдады:
I дәрежелі дипломмен
- «Қазақстанның оңтүстік-шығысында алма ағаштарын өсіруде биотынайтқыштардың топырақ құрылымына және өнімділікке әсері». Авторы: Қалдаяқ Арайлым. Ғылыми жетекшісі: Жаппарова Айгуль Абсултановна. ЖОО: «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» ҚеАҚ.
II дәрежелі дипломдармен
- «Жем-шөп дақылдарынының өнімділігін арттыруда ауыспалы егіс жүйесін тиімді жоспарлау». Авторы: Купенов Амир Аманович. Ғылыми жетекшісі: Кекілбаева Гулнұр Рахманқызы. ЖОО: «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» ҚеАҚ.
- «Влияние подобранных злаково-бобовых травосмесей на физические и биологические свойства деградированных почв в сопочно-равнинной зоне Акмолинской области». Авторы: Елеусизова Аружан Сайранбековна. Ғылыми жетекшісі: Байдалина Салтанат Есетовна. ЖОО: «Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» ҚеАҚ.
III дәрежелі дипломдармен
- «Рапс сорттарын өсіруде топырақ жағдайының вегетациялық кезеніне әсері». Авторы: Жунисбекова Перизат. Ғылыми жетекшісі: Закиева Арайлы Аленхановна, Досмағанбетова Ақерке Оралғазықызы. ЖОО: «Шәкәрім Университет» ҚеАҚ.
- «Ақмола облысы күнгірт қара-қоныр топырақтың физикалық, физикалық-химиялық қасиеттерінің орман екпелері әсерінен өзгерісі». Авторы: Кушербек Мадина. Ғылыми жетекшісі: Кенжегулова Саягуль Олжабаевна. ЖОО: «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» ҚеАҚ.
- «Минералдық және органикалық тынайтқыштардың ақтүйнек дақылының өнімділігіне әсерін зерттеу». Авторы: Қасымбек Нұрай Қайратқызы. Ғылыми жетекшісі: Суримбаева Күлайша Әбирбекқызы. ЖОО: «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті» ҚеАҚ.