Ізденуші А.Жабыкпаеваның алдағы қорғау туралы хабарлама
Жарияланды:
16 Қыркүйек 2024
оқу 0 мин
Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті жанындағы диссертациялық кеңесінде 8D09101 - Ветеринарлық медицина білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін ұсынылған Жабыкпаева Айгуль Габызхановнаның «Қостанай облысында иксодофаунаны зерттеу және иттердің бабезиозын алдын алу» тақырыбындағы диссертация қорғалады.
Диссертациялық жұмыс Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті Ауыл шаруашылығы ғылымдары факультетінің Ветеринариялық медицина кафедрасында орындалды.
Диссертацияны ұсыну нысаны: диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі: орыс
Ресми рецензенттер:
Сулейменов Маратбек Жаксыбекович– ветеринария ғылымдарының кандидаты, профессор, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының корреспондент–мүшесі, ҚР ҒЖБМ ҒК «Зоология институты» ШЖҚ РМК жетекші ғылыми қызметкері; Алматы қ., Қазақстан; мамандығы «03.00.20 – Гельминтология».
Турганбаева Гульнар Елдесбаевна - ветеринария ғылымдарының кандидаты, «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Алматы қ., Қазақстан; мамандығы «03.00.19 – Паразитология».
Ғылыми кеңесшілері:
Рыщанова Раушан Миранбаевна – философия докторы (PhD), ветеринариялық медицина кафедрасының профессоры, КЕАҚ «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті», Қостанай қ., Қазақстан;
Ермолина Светлана Александровна – ветеринария ғылымдарының докторы, Зоогигиена, физиология және биохимия кафедрасының профессоры, «Вятка мемлекеттік агротехникалық университеті» ФМББМ, Киров қ., Ресей.
Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелері:
Рыщанова Раушан Миранбаевна – ветеринария ғылымдарының кандидаты, ветеринариялық медицина кафедрасының профессоры, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті (Қостанай қ., ҚР); диссертациялық кеңестің төрайымы;
Тегза Александра Алексеевна – ветеринария ғылымдарының докторы, ветеринариялық медицина кафедрасының профессоры, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті (Қостанай қ., ҚР); диссертациялық кеңес төрайымының орынбасары,
Аубакиров Марат Жаксылыкович – ветеринария ғылымдарының кандидаты, ветеринариялық медицина кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті (Қостанай қ., ҚР);
Елеусизова Анара Тулегеновна – Ph.D, ветеринариялық санитария кафедрасының қауымдастырылған профессор, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті (Қостанай қ., ҚР); ғалым хатшысы.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
Абдыбекова Аида Макеновна – ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринарлық институты» ЖШС бас директорының орынбасары, Алматы қ., Қазақстан;
Лидер Людмила Александровна – ветеринария ғылымдарының кандидаты, Ветеринариялық санитария кафедрасының қауымдастырылған профессоры, КЕАҚ «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті», Астана қ., Қазақстан;
Шаркунас Миндаугас (Šarkūnas Mindaugas) - ветеринария ғылымдарының докторы, ветеринариялық патобиология кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Ветеринарлық медицина факультеті, Ветеринарлық академия, Литва денсаулық ғылымдары университеті, Каунас қ., Литва.
Диссертациялық жұмысты қорғау 2024 жылғы17 қазанда сағат 14.00-де Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің 8D091 Ветеринария даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта (online/offline) өтеді. Мекен-жайы: 110000, Қостанай қ., Байтұрсынов көш., 47, бас ғимарат, мәжіліс залы.