Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті 8D09101 – «Ветеринарлық медицина» бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін ұсынылған Бермухаметов Жанайдар Жагпаровичтің «Қостанай облысында ірі қара малдың саркоцистозының таралуы» тақырыбына диссертациясының қорғауы өтеді.
Диссертация Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Ветеринарлық медицина» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі – орыс.
Ресми рецензенттер:
Кармалиев Рашид Сагитович – ветеринария ғылымдарының докторы, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КеАҚ «Ветеринария және агротехнология» институтының қауымдастырылған профессоры.
Усенбаев Алтай Егембердиевич – ветеринария ғылымдарының кандидаты, «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ «Ветеринарлық медицина» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Ғылыми кеңесшілер:
Сулейманова Куляй Уразгалиевна – биология ғылымдарының кандидаты, «Академик Зулхарнай Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университеті» «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Petras Prakas – PhD, «Молекулярлық экология зертханасының» бас ғылыми қызметкері, Табиғи ғылыми орталықтың Мемлекеттік ғылыми-зерттеу институты.
Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелерінің құрамы:
Рыщанова Раушан Миранбаевна – философия докторы (PhD), профессор, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ «Қолданбалы биотехнология Ғылыми-зерттеу институтының» ғылыми қызметкері.
Тегза Александра Алексеевна - ветеринария ғылымдарының докторы, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ «Ветеринариялық медицина» кафедрасының профессоры.
Аубакиров Марат Жаксылыкович – ветеринария ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ «Ветеринариялық медицина» кафедрасының меңгерушісі.
Елеусизова Анара Тулегеновна – философия докторы (PhD), «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ «Ветеринариялық санитария» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:
Šarkūnas Mindaugas – ветеринария ғылымдарының докторы, Литва денсаулық сақтау ғылымдары университеті, Ветеринария факультеті, Ветеринарлық патобиология кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Каунас қ., Литва).
Лидер Людмила Александровна – ветеринария ғылымдарының кандидаты, «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» ҚеАҚ «Ветеринарлық медицина» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Киян Владимир Сергеевич – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, «Биоалуантүрлілік және генетикалық ресурстар» зертханасының меңгерушісі, «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС.
Қорғау 2025 жылғы 24 маусымда сағат 15.00-де Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті жанындағы 8D091-Ветеринария даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Мекенжайы: 110000, Қостанай қаласы, Байтурсынов көшесі, 47, бас ғимарат, 3 қабат, мәжіліс залы.