Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті 8D09102 – «Ветеринарлық санитария» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін іздену үшін ұсынылған Байменов Бахит Муратовичтің «Мультиплексті полимеразды тізбекті реакция (ПТР) әдісімен тамақ өнімдердегі Staphylococcusaureus және бактерияларға қарсы препараттарға төзімділіктің генетикалық маркерлерін анықтау» тақырыбына диссертациясының қорғауы өтеді.
Диссертация Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің «Ветеринарлық санитария» кафедрасында орындалды.
Қорғау тілі – орыс.
Ресми рецензенттер:
Сарсембаева Нуржан Билтебаевна – ветеринария ғылымдарының докторы, ветеринарлық-санитарлық сараптау және гигиена кафедрасының профессоры, «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» КеАҚ.
Куйбагаров Марат Амангельдыевич – ветеринария ғылымдарының кандидаты, қолданбалы генетика зертханасының бас ғылыми қызметкері, "Ұлттық биотехнология орталығы" ЖШС.
Ғылыми кеңесшілер:
Чужебаева Гульжаган Джамбуловна – ветеринария ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ «Қолданбалы биотехнология Ғылыми-зерттеу институтының» ғылыми қызметкері.
Викторов Денис Александрович – биология ғылымдарының кандидаты, озық инженерлік мектептің Жетілдірілген зерттеулер және әзірлемелер департаментінің директоры, «Ульяновск мемлекеттік университеті» ФМБМ ЖББ.
Диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелерінің құрамы:
Рыщанова Раушан Миранбаевна – философия докторы (PhD), профессор, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ «Қолданбалы биотехнология Ғылыми-зерттеу институтының» ғылыми қызметкері.
Тегза Александра Алексеевна - ветеринария ғылымдарының докторы, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ «Ветеринариялық медицина» кафедрасының профессоры.
Аубакиров Марат Жаксылыкович – ветеринария ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ «Ветеринариялық медицина» кафедрасының меңгерушісі.
Елеусизова Анара Тулегеновна – философия докторы (PhD), «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті» КеАҚ «Ветеринариялық санитария» кафедрасының қауымдастырылған профессоры.
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің құрамы:
Modestas Ružauskas - философия докторы (PhD), «Литва денсаулық ғылымдары университеті», Ветеринарлық академия, «Микробиология және вирусология» институтының профессоры, Каунас қ., Литва.
Нұрғалиев Биржан Елубаевич - ветеринария ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» КЕАҚ «Ветеринария және Агротехнология» институтының директоры.
Абельденов Сайлау Касенович - философия докторы (PhD), молекулалық биотехнология зертханасының меңгерушісі, «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС.
Қорғау 2025 жылғы 24 маусымда сағат 11.00-де Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті жанындағы 8D091-Ветеринария даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңесте өтеді. Мекенжайы: 110000, Қостанай қаласы, Байтурсынов көшесі, 47, бас ғимарат, 3 қабат, мәжіліс залы.