А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры,
География ғылымдарының докторы
Өтініштер:
Қаратай Байтұрсын
09-08-2025
Общежитиеге өтініш қалдыру , 1 курсқа өтіп жатырмын
Жауабы
11-08-2025
Сәлеметсіз бе! Жатақханаға орналксіға өтініштерді қабылдау 1 курс 12 тамыздан бастап. 2,3 курс 25 тамыздан бастап. Студенттер үйіне орналастыру мәселелері бойынша Call-орталық 8(7142)542849. Өтінішті Platonus ААЖ жүйесіндегі жеке кабинет арқылы беруге болады. platonus.ksu.edu.kz
Ермаханова Құралай Тұрсыматқызы
08-08-2025
Қайырлы күн! Қызым Айдана джт ағылшын тілі таңдау пәні бойынша 83 балл жинап грант тізіміне ілікпеді. Қостанай университетінің ағылшын тілі мұғалімі мамандығына ақылы оқу қанша болады соны білім келеді. Кредиттік төлем бойынша оқу мүмкіндігі бар ма?
Жауабы
09-08-2025
Сәлеметсіз бе. Ағымдығы оқу жылының 1-ші курсына жылына оқу ақысы 535 200 теңгені құрайды. Түсушілерге бөліп төлеу мүмкіндігі қарастырылған, яғни 25 августке дейін 30% -ын, декабрге дейін келесі 30%-ын және қалған 40%-ын 2026 жылдың май айына дейін төленуі қажет.
Ормантай Асель
08-08-2025
Мен коллджден кейін жоғары оқу орынына өз мамандығыма қалай тапсырсам болады?
Жауабы
09-08-2025
Сәлеметсіз бе, құжаттар 25 тамызға дейін қабылданады. Біріншіден, дипломыңызбен бірге жоғары оқу орнының қабылдау бөліміне келуіңіз қажет. Техникалық хатшылар дипломыңызды мамандықтар классификаторы арқылы тексеріп, қай мамандықтарға түсе алатыныңызды анықтайды. Грантқа өтініш беру мерзімі өтіп кеткендіктен, сіз тек ақылы бөлімге және қысқартылған оқу түріне түсе аласыз. Екіншіден, егер өзге мамандықты таңдасаңыз, міндетті түрде Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп, шекті балл жинауыңыз қажет.
Мерей
07-08-2025
Сіздерді университетке түсу үшін қандай құжаттар тапсыру керек?
Жауабы
08-08-2025
Сәлеметсіз бе.
1. Қосымшасы бар аттестат/диплом (төлнұсқа, көшірме және PDF электрондық формат);
2. 3 х 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;
3. 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама (қағаз және PDF электрондық формат);
4. 063/у немесе 065/у нысаны бойынша профилактикалық екпе картасының көшірмесі (қағаз және PDF электрондық формат);
5. жеке басын куәландыратын құжаттың үш көшірмесі (қағаз және PDF электрондық формат);
6. ҰБТ сертификатының екі көшірмесі бар болған жағдайда (қағаз және PDF электрондық формат);
Жақсымбет Нұржауған
07-08-2025
Сараланған грант бойынша құжатты онлайн тапсыра аламыз ба? Қандай құжаттар керек және нешесіне дейін тапсырып болу керек?
Жауабы
08-08-2025
Сәлеметсіз бе! Сараланған грантқа өтініштер шілде айының 13-20 аралығында қабылданды.
Николаенко Иван
07-08-2025
Добрый день, увидел своё имя в списке получивших грант, но мне не пришли сообщения на номер, тишина, хотя говорили что будут. Что делать? Ждать?
Жауабы
08-08-2025
Здравствуйте, до 25 августа нужно будет подойти в приемную комиссию и заключить договор.
Қадырбекова Айдаүа
07-08-2025
педогогикалық мамандыққа түсу мақсатында арнайы психометриялық педогогикалық емтиханды онлайн форматта тапсырсамба деп едім
Өтініштер: