А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры,
География ғылымдарының докторы
Өтініштер:
Диана Темірбекқызы
11-06-2025
Сәлеметсіз бе, био-гео 80 балл алдым мамандығым бастауыш пед еді грантка түсе аламын ба? Пед квота арққылы болады дейді, ол жайлы толық акпарат бере аласызба?
Жауабы
12-06-2025
Педагогикалық квота бұл педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламаларына (мамандықтарға) бөлінетін жоғары оқу орнына түсу кезіндегі квота түрі.
Бұл квота бойынша гранттар белгілі бір университеттерге бөлінеді. Университетімізге "В003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" білім беру бағдарламаларының тобына педагогикалық квота бойынша 20 грант бөлінді. Грант конкурсына өтініштер ағымдағы жылдың 13-20 шілде аралығында қабылданады.
Жанат
11-06-2025
Колледжден кейін универ жалғастыру үшін бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша қандай пәндерден ұбт тапсырады
Жауабы
12-06-2025
Сәлеметсіз бе! Ұлттық бірыңғай тестілеуде Педагогика және психология негіздері және Тәрбие қызметінің теориясы мен практикасы бейінді пәндерді тапсырасыз. Оның нәтижелері бойынша кемінде 35 балл, оның ішінде ҰБТ-ның әрбір пәні бойынша кемінде 5 балл болуы керек.
Дұйсебек Жұлдыз
10-06-2025
Коледж бітірген соң басқа мамандыққа университет ке тұсу үшін қандай тест тапсыру керек университет ке басқа мамандық оқығым келеді.
Жауабы
11-06-2025
Сәлеметсіз бе! Колледж бітірген соң басқа мамандыққа түсетін жағдайда Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтуіңіз керек. ҰБТ-ға өтініштер қабылдау 25 шілде мен 5 тамыз аралығында Ұлттық тестілеу орталығының сайты https://app.testcenter.kz/ арқылы қабылданады.
Гүлзира
09-06-2025
Сәлеметсіз бе! Өкініштісі былтырғы су тасқыны аймағы бойынша менен төмен балл алғандар түскен,мен тапсырған универлерге және мен тапсырған мамандық бойынша. Былтырғы ҰБТ баллымен,биылға грантқа түсу мүмкіндіктері барма, әлде қайта тапсыру керек пе? Екі шет тілі мамандығы. Қызыл аттестат. 94 балл. Және бір сұрағым, Қызыл аттестатпен грантқа түсе алмағандарға келесі жылға мүмкіндігі бар грант түрі бар дейді, бұл қаншалықты рас және болса ол қандай грант және жолдары қандай.
Жауабы
10-06-2025
Сәлеметсіз бе! Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері тапсырған жылдың 31 желтоқсанның аяғына дейін жарамды. Грант конкурсына қатысу үшін қайтадан ҰБТ тапсыруыңыз керек.
Алина Лепесова
08-06-2025
Сәлеметсізбе! Мен 108 баллмен Астанадағы AIU университетіне көпбалалы квотамен география мұғаліміне түсе аламынба? 444 грант бөлінді дейді,оның 5%-ынан 22 адаммен конкуренция қиын болама?) Сосын,педквота қандай мүмкіндіктер береді? Оны көпбалалы квотамен қосуға болама?
Жауабы
10-06-2025
Сәлеметсіз бе! Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін квотаны педагогикалық квотамен қосуыңызға болады. Бұл конкурс болғаннан кейін бөлінетін мемлекеттік тапсырыс саны мен берілетін өтініштер санына байланысты болады.
Шектібаева Бақытжамал
05-06-2025
Жоғарғы оқу орнына грантқа түсу үшін не істеу керек?
Жауабы
05-06-2025
Сәлеметсіз бе! Грант конкурсына қатысу үшін ағымдағы жылдың 16 мамыры мен 5 шілде аралығында ҰБТ тапсыру керек, ҰБТ-ға өтініштер сәуірдің 12-25 аралығында қабылданды. Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысуға өтініштер шілде айының 13-20 аралығында қабылданады.
Айжан Тұрдымұрат
04-06-2025
56 баллмен оқуға түсе аламын ба
Жауабы
05-06-2025
Сәлеметсіз бе! Грант конкурсына қатысу және (немесе) ақылы оқуға қабылдау үшін ҰБТ-ның нәтижесіне сәйкес "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша және "Құқық" даярлау бағыты бойынша – кемінде 75 балл, басқа даярлау бағыттары бойынша - 50 балл. Бұл ретте ҰБТ-ның Қазақстан тарихы және екі бейіндік пәндері бойынша және (немесе) шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл, ал Оқу сауаттылығы мен Математикалық сауаттылықтан кемінде 3 балл алу қажет.
Айлин
02-06-2025
Колледждегі мамандығым бойынша Ұбт тапсырдым жооға түсу үшін бірақ 70 балдан грантка түсу үшін шекті балл қанша бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша
Жауабы
03-06-2025
Сәлеметсіз бе! Қысқартылған оқу мерзімін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға арналған жоғары білімнің беру грантын беру конкурсына қатысу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 35 балл, оның ішінде ҰБТ-ның әрбір пәні бойынша кемінде 5 балл жинаған адамдар жіберіледі.
Құттимуратова Аида
01-06-2025
Оқуға тапсыру. Психология мамандығы барма
Жауабы
02-06-2025
Сәлеметсіз бе, университетімізде "6В03101 Психология" деген білім беру бағдарламасы бар. Құжат қабылдау 20 маусымда басталады.
Дильназ Амангаликызы
30-05-2025
Шыгармашылык ент проходной бал канша физрукка
Жауабы
02-06-2025
Сәлеметсіз бе, "Дене шынықтыру және спорт" шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламасы болғаннан кейін, оқуға қабылдану үшін ҰБТ екі пәні: Қазақстан тарихы мен оқу сауаттылығы және шығармашылық емтихандардың нәтижелері саналады, шекті балл 75 балл. Бұл ретте ҰБТ-ның Қазақстан тарихы және екі шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл, ал Оқу сауаттылығы мен Математикалық сауаттылықтан кемінде 3 балл алу қажет. Құжат қабылдау 20 маусым мен 6 шілде аралығында жүзеге асырылады.
Өтініштер:
Өкініштісі былтырғы су тасқыны аймағы бойынша менен төмен балл алғандар түскен,мен тапсырған универлерге және мен тапсырған мамандық бойынша.
Былтырғы ҰБТ баллымен,биылға грантқа түсу мүмкіндіктері барма, әлде қайта тапсыру керек пе? Екі шет тілі мамандығы. Қызыл аттестат. 94 балл.
Және бір сұрағым, Қызыл аттестатпен грантқа түсе алмағандарға келесі жылға мүмкіндігі бар грант түрі бар дейді, бұл қаншалықты рас және болса ол қандай грант және жолдары қандай.
Сосын,педквота қандай мүмкіндіктер береді? Оны көпбалалы квотамен қосуға болама?
Психология мамандығы барма