А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры,
География ғылымдарының докторы
Өтініштер:
Сарсенбаева Камила
12-04-2026
Мен 2024ж грантқа биология мұғалімі мамандығына ауыл квотасы + пед квота арқылы түстім . Енді менің отработкам қалай болады? Мен 4курс практикада ауылымнан справка әкеліп кетуіме боладығой ия? Или осы солтүстікте отработка міндеттіма? Пед квота почти жалпы грант емеспе тек педагогикалық мамандықтар үшін оның отработкаға қатысы жоққой?
Жауабы
15-04-2026
Сәлеметсіз бе!
Заңның 26-бабы 8-тармағының 3) тармақшасында (ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін;) белгіленген квота шегінде педагогикалық мамандықтары бойынша білім алған ауыл жастары қатарынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары ЖЖОКБҰ-ны бітіргеннен кейін меншік нысанына қарамастан, ауылдық жерде орналасқан тиісінше білім беру саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерінде кемінде үш жыл жұмыспен өтейді.
Жандос
11-04-2026
Қазір мен бастауыш сынып мұғаліміне оқып отырмын ЖОО ға мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғаліміне түскім келеді. Осыған бастауыш сынып мұғалімінің қысқартылған ҰБТ тапсырып түсіп кетуге болама?
Жауабы
14-04-2026
Сәлеметсіз бе!
Сіздің жағдайыңыз бойынша алдымен мамандығыңыздың классификатор бойынша қай мамандыққа туыстас екенін анықтау қажет. Ол үшін дипломыңызды 87078157822 нөміріне жіберсеңіз, анықтап беруге болады.
Егер туыстастық анықталса, қысқартылған оқу түріне ақылы негізде әзірше ҰБТ-сыз түсе аласыз. Ал грантқа түсу үшін ҰБТ-ны міндетті түрде тапсырасыз конкурсқа қатысу үшін, профильдік пәндер: «Педагогика және психология негіздері» және «Қазақ тілі». Егер туыстастық анықталмаса, толық оқу түріне ҰБТ тапсырасыз. Грантқа қатысу үшін ҰБТ-ға 2026 жылдың 25 сәуіріне дейін өтініш беруіңіз қажет.
Тегисов Алмат Ерканатович
10-04-2026
Сәлеметсізбе! Мен мектеп бітіруші түлекпін . Педагогика мамандығына түсуді қалаймын, сол үшін психо-тест тапсыруға өтініш қалдырып жатырмын
Жауабы
13-04-2026
Сәлеметсіз бе!
Қазақстанда психотест (психометриялық емтихан) негізінен медициналық жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлер үшін өткізіледі, ал педагогикалық мамандықтарға түсу үшін жоғары оқу орындарында да арнайы емтихан қарастырылған. Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысқысы келетін талапкерлер үшін арнайы емтихан 20 маусым мен 20 шілде аралығында өткізіледі. Арнайы емтихан оффлайн форматта Тәуелсіздік 118 мекенжайы бойынша өтеді.
Мирас
10-04-2026
Құқық B049 грант барма?
Жауабы
13-04-2026
Сәлеметсіз бе!
Иә, Құқық B049 бағыты бойынша грант қарастырылған. Жалпы 2025 жылы 152 грант бөлінген. 2025-2026 оқу жылына грантқа өту үшін минималды шекті балл 119 балл болды, бірақ бұл көрсеткіш жыл сайын өзгеріп отырады. Сондықтан нақты грантқа түсу мүмкіндігі биылғы шығатын конкурсқа байланысты анықталады.
Камила
10-04-2026
Менде екі таңдау болып тұр.Мен биыл бітіруші колледж студентімін.Ары карай менде 2 таңдау болвп тұр мен ҰБТ ға өтініш тапсырдым.Грантқа түскім келіп еді.Егер Ұбт дан грантка түсе алмайтындай мүмкіндік болса осы жылы жұмысқа кіріп кетемін деп ойлап едім.Жұмысқа кіру үшін педагог санаты міндетті түрде керек болса ол тестті де осы жыды ұбт тестінен бұрын өте аламын ба егер мен педагог санатын алсам ұбтыны да тапсырып ары қарай оқи аламын гой ия немесе педагог санатынан кейін міндетті түрде жұмысқа тұруым керек пе?
Жауабы
13-04-2026
Сәлеметсіз бе! Педагог санаты – бұл педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім, яғни бұл сіздің кәсіби деңгейіңізді растайтын құжат, міндетемейді, сондықтан оны тапсыру сізге ҰБТ тапсыруға немесе грантқа түсуге ешқандай шектеу қоймайды. Егер мамандығыңыздың классификатор бойынша қай мамандыққа туыстас екенін нақты білгіңіз келсе, құжаттарыңызды 87078157822 нөміріне жіберсеңіз, тексеріп беруге болады. Маңыздысы - грантқа қатысу үшін ҰБТ-ға осы 2026 жылдың 25 сәуіріне дейін өтінім беруіңіз қажет.
Аноним
04-04-2026
здравствуйте,можно узнать сколько баллов нужно набрать на ент на биотехнолога ?
Жауабы
07-04-2026
Здравствуйте!
Пороговый балл ЕНТ для участия в конкурсе на грант или для зачисления на платное обучение составляет 50 баллов. Минимальный проходной балл на грант в 2025 году в общем конкурсе составил 81 балл, однако он может ежегодно меняться в зависимости от количества грантов и числа абитуриентов.
Айсана Қозыбаева
02-04-2026
Салеметсізбе егер gpa 3,59 болса қызыл диплом алуға мүмкіндік барма? Және практика мен курстық жұмыс 4 болса ол әсер етедіме
Жауабы
02-04-2026
Салеметсіз бе!
Жоғары білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын және үлгерімінің (GPA) орта балы 3,5-тен төмен емес кезінде оқу пәндері мен оқу қызметінің (қорытынды аттестациядан басқа) басқа түрлері бойынша А, А – "өте жақсы", В-, В, В+ - "жақсы" деген қорытынды бағалары бар, сондай-ақ қорытынды аттестацияны А, А – "өте жақсы" деген бағаға тапсырған жоғары білім беру бағдарламасы бойынша оқыған білім алушыға үздік диплом (оқытудың қосымша түрлері бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.
Бұл ретте оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсырғаны немесе қайталап тапсырғаны бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.
Асем
02-04-2026
Бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша колледж дипломым бар. Енді универге осы мамандыққа қай пәндерден КТ тапсыруым керек және грантқа түсу үшін қанша балл алуым керек? 2026 жылы қай уақытта болады тест?
Жауабы
02-04-2026
Сәлеметсіз бе!
№134 бұйрыққа сәйкес, колледж түлектері ЖОО-ға туыстас мамандық бойынша қысқартылған мерзіммен түсе алады. B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығына қысқартылған түрде 2 немесе 3 жыл оқиды, ал түсу үшін профильді пәндер: "Педагогика мен психология негіздері" және "Тәрбие қызметінің теориясы мен практикасы" болып табылады. Жыл сайын шамамен осы мамандыққа жалпы 80 грант бөлінеді. Грантқа қатысу шекті баллы — 35, ал түсу үшін қажетті минималды баллы жыл сайын талапкерлер саны мен олардың жинаған балдарына байланысты өзгеріп отырады. Міндетті түрде ҰБТ-ға қатысуға өтінішті 10 сәуір – 25 сәуір аралығында беруіңіз қажет. Негізгі ҰБТ өткізу уақыты 16 мамыр – 7 шілде аралығында өтеді.
Асем Аманжолқызы
28-03-2026
Сәлеметсіз бе! Бос вакантный гранттар барма сіздерде казір документ тапсырсам өзім пед универде 1 курс студентімін
Жауабы
30-03-2026
Сәлеметсіз бе! Бос гранттар емтихан сессиясынан кейін ғана бөлінеді.
Қасқырбек Илься
26-03-2026
Маған 1 курстың транскриптті қажет еді
Жауабы
30-03-2026
Сәлеметсіз бе! Транскрипт алу үшін Платонус ақпараттық жүйесінің жеке кабинетінде өтініш жасаңыз.
Өтініштер:
Заңның 26-бабы 8-тармағының 3) тармақшасында (ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін;) белгіленген квота шегінде педагогикалық мамандықтары бойынша білім алған ауыл жастары қатарынан шыққан Қазақстан Республикасының азаматтары ЖЖОКБҰ-ны бітіргеннен кейін меншік нысанына қарамастан, ауылдық жерде орналасқан тиісінше білім беру саласында қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың бөлімшелерінде кемінде үш жыл жұмыспен өтейді.
Сіздің жағдайыңыз бойынша алдымен мамандығыңыздың классификатор бойынша қай мамандыққа туыстас екенін анықтау қажет. Ол үшін дипломыңызды 87078157822 нөміріне жіберсеңіз, анықтап беруге болады. Егер туыстастық анықталса, қысқартылған оқу түріне ақылы негізде әзірше ҰБТ-сыз түсе аласыз. Ал грантқа түсу үшін ҰБТ-ны міндетті түрде тапсырасыз конкурсқа қатысу үшін, профильдік пәндер: «Педагогика және психология негіздері» және «Қазақ тілі». Егер туыстастық анықталмаса, толық оқу түріне ҰБТ тапсырасыз. Грантқа қатысу үшін ҰБТ-ға 2026 жылдың 25 сәуіріне дейін өтініш беруіңіз қажет.
Қазақстанда психотест (психометриялық емтихан) негізінен медициналық жоғары оқу орындарына түсетін талапкерлер үшін өткізіледі, ал педагогикалық мамандықтарға түсу үшін жоғары оқу орындарында да арнайы емтихан қарастырылған. Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысқысы келетін талапкерлер үшін арнайы емтихан 20 маусым мен 20 шілде аралығында өткізіледі. Арнайы емтихан оффлайн форматта Тәуелсіздік 118 мекенжайы бойынша өтеді.
Иә, Құқық B049 бағыты бойынша грант қарастырылған. Жалпы 2025 жылы 152 грант бөлінген. 2025-2026 оқу жылына грантқа өту үшін минималды шекті балл 119 балл болды, бірақ бұл көрсеткіш жыл сайын өзгеріп отырады. Сондықтан нақты грантқа түсу мүмкіндігі биылғы шығатын конкурсқа байланысты анықталады.
Педагог санаты – бұл педагогтің кәсіби құзыреттілік деңгейін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім, яғни бұл сіздің кәсіби деңгейіңізді растайтын құжат, міндетемейді, сондықтан оны тапсыру сізге ҰБТ тапсыруға немесе грантқа түсуге ешқандай шектеу қоймайды. Егер мамандығыңыздың классификатор бойынша қай мамандыққа туыстас екенін нақты білгіңіз келсе, құжаттарыңызды 87078157822 нөміріне жіберсеңіз, тексеріп беруге болады. Маңыздысы - грантқа қатысу үшін ҰБТ-ға осы 2026 жылдың 25 сәуіріне дейін өтінім беруіңіз қажет.