Коледж ден кейін басқа мамандық бойынша университет ке тұсу үшін ұбт тұрі
Куанышбаев Сеитбек Бекенович
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры,
География ғылымдарының докторы
Өтініштер:
Нурмуханова Алданыш
03-07-2025
Мен екінші жоғарғы оқуына тапсырайын дегенмін, қанша жыл оқимын және төлемі қалай болады?
Жауабы
04-07-2025
Сәлеметсіз бе! Екінші жоғары білім алу уақыты түсетін мамандықтарыңызға байланысты 1,5; 2 және 3 жыл, оқу ақысы 1 курсқа биыл 535 200 теңге
Алия
03-07-2025
Қызым ҰБТдан 91 балл жинады. Шет тілі мамандығына грантқа өте алама?
Жауабы
04-07-2025
Сәлеметсіз бе! Шет тілі мамандығының шекті баллы 75, бірақ былтырғы грантқа ең төмен жалпы конкурс бойынша 122 балл, арнайы грант 108 балл мен түскен, биыл грантқа түсу мүмкіндігі студенттер саны мен алған баллдарына және грант санына байланысты болып табылады.
Сван Ұлжан
03-07-2025
Колледжден кейін грантқа түсе аламынба 31 баллмен,өз мамандығымды жалғастырғым келеді
Жауабы
03-07-2025
Сәлеметсіз бе, қысқартылған оқу мерзіміне республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін педагогикалық бағыт бойынша ҰБТ шекті балл - 35, қалғандары - 25 балл.
Рамазанқызы Мерей
01-07-2025
Психосоматикалық және пед.тестті сіздерден онлайн тапсырсам, ол Қазақстанның барлық университеттеріне действовать ете бере ме?
Жауабы
02-07-2025
Сәлеметсіз бе, иә, жарамды.
Мурадали арай
01-07-2025
62 бал грантқа түсе аламынба педагогический екі шет тілі
Жауабы
02-07-2025
Сәлеметсіз бе, республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін ҰБТ шекті балы 75 балл болып саналады.
Рамазанқызы Мерей
01-07-2025
Педагогикаға және жалпы ЖОО-ға түсу үшін қандай құжаттар керек? Байтұрсынов университетіне түсу үшін арнайы құжаттар тапсырылу керек пе?
Сәлеметсіз бе! ҰБТ тапсырып, шекті балл жинасаңыз, конкурсқа қатыса аласыз. Бұл конкурс болғаннан кейін, бөлінетін грант саны мен берілетін өтініш санына байланысты болады. Кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар үшін мемлекеттік тапсырыстың 5 пайызы бөлінеді.
Тұңғышбек Айжан Еркінқызы
30-06-2025
ПСИХОТЕСТ ТАПСЫРУ
Жауабы
30-06-2025
Сәлеметсіз бе! Емтихан онлайн форматта https://spec-exam.ksu.edu.kz/ өткізіледі. Арнаулы емтихан онлайн форматте дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 18:00-ге дейін. Арнаулы емтиханды бағалау 24 сағат ішінде жүзеге асырылады. Нәтижесі жеке кабинетіңізде қолжетімді болады.
Тұрсынхан Аяулым Бердиханқызы
30-06-2025
Математика-физика мұғаліміне қанша баллмен грантқа түсуге болады
Жауабы
30-06-2025
Сәлеметсіз бе, бұл конкурс болғаннан кейін, бөлінетін грант саны мен берілетін өтініш санына байланысты болады.
Құдайберген Нүркен Төлебайұлы
30-06-2025
Дене шынықтыру мамандығы бойынша педтест тапсырайын деген едім
Жауабы
30-06-2025
Сәлеметсіз бе "Дене шынықтыру және спорт" мамандығы шығармашылық болғаннан кейін, арнаулы емтихан тапсырудың қажеті жоқ.
Өтініштер: