А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры,
География ғылымдарының докторы
Өтініштер:
Айсана Қозыбаева
02-04-2026
Салеметсізбе егер gpa 3,59 болса қызыл диплом алуға мүмкіндік барма? Және практика мен курстық жұмыс 4 болса ол әсер етедіме
Жауабы
02-04-2026
Салеметсіз бе!
Жоғары білім беру бағдарламасы бойынша білім алатын және үлгерімінің (GPA) орта балы 3,5-тен төмен емес кезінде оқу пәндері мен оқу қызметінің (қорытынды аттестациядан басқа) басқа түрлері бойынша А, А – "өте жақсы", В-, В, В+ - "жақсы" деген қорытынды бағалары бар, сондай-ақ қорытынды аттестацияны А, А – "өте жақсы" деген бағаға тапсырған жоғары білім беру бағдарламасы бойынша оқыған білім алушыға үздік диплом (оқытудың қосымша түрлері бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.
Бұл ретте оқудың барлық кезеңі ішінде қорытынды бақылауды (емтиханды) қайта тапсырғаны немесе қайталап тапсырғаны бар білім алушыға үздік диплом берілмейді.
Асем
02-04-2026
Бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша колледж дипломым бар. Енді универге осы мамандыққа қай пәндерден КТ тапсыруым керек және грантқа түсу үшін қанша балл алуым керек? 2026 жылы қай уақытта болады тест?
Жауабы
02-04-2026
Сәлеметсіз бе!
№134 бұйрыққа сәйкес, колледж түлектері ЖОО-ға туыстас мамандық бойынша қысқартылған мерзіммен түсе алады. B003 Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығына қысқартылған түрде 2 немесе 3 жыл оқиды, ал түсу үшін профильді пәндер: "Педагогика мен психология негіздері" және "Тәрбие қызметінің теориясы мен практикасы" болып табылады. Жыл сайын шамамен осы мамандыққа жалпы 80 грант бөлінеді. Грантқа қатысу шекті баллы — 35, ал түсу үшін қажетті минималды баллы жыл сайын талапкерлер саны мен олардың жинаған балдарына байланысты өзгеріп отырады. Міндетті түрде ҰБТ-ға қатысуға өтінішті 10 сәуір – 25 сәуір аралығында беруіңіз қажет. Негізгі ҰБТ өткізу уақыты 16 мамыр – 7 шілде аралығында өтеді.
Асем Аманжолқызы
28-03-2026
Сәлеметсіз бе! Бос вакантный гранттар барма сіздерде казір документ тапсырсам өзім пед универде 1 курс студентімін
Жауабы
30-03-2026
Сәлеметсіз бе! Бос гранттар емтихан сессиясынан кейін ғана бөлінеді.
Қасқырбек Илься
26-03-2026
Маған 1 курстың транскриптті қажет еді
Жауабы
30-03-2026
Сәлеметсіз бе! Транскрипт алу үшін Платонус ақпараттық жүйесінің жеке кабинетінде өтініш жасаңыз.
Қанатқызы Раушан
19-03-2026
Қарағанды қаласында мед колледж бітіргелі жатырмын, акушер мамандығын, универге түсу үшін, толық ұбт тапсырамын ба?
Жауабы
20-03-2026
Сәлеметсіз бе!
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің №134 бұйрығына сәйкес, колледжден кейін жоғары оқу орнына туыстас мамандық бойынша қысқартылған оқу мерзімімен түсуге болады. Мамандығыңыздың классификатор бойынша қай мамандыққа туыстас екенін анықтау үшін құжаттарыңызды 87078157822 нөміріне жіберсеңіз, нақты тексеріп бере аламыз. Егер туыстас мамандық анықталған жағдайда: Ақылы бөлімге ҰБТ тапсырмай-ақ түсуге болады.Құжаттарды 20 маусым мен 20 тамыз аралығында тапсырасыз. Егер мамандық бойынша грант бар болса: 10 сәуір мен 25 сәуір аралығында ҰБТ-ға өтінім беріп, қысқартылған оқу түріне тапсыруға болады. Егер туыстас мамандық анықталмаған жағдайда, толық оқу түріне түсу үшін 10 сәуір мен 25 сәуір аралығында ҰБТ-ға өтінім беріп, тапсыру қажет.
Колледж негізінде түсетіндер үшін қажетті құжаттар (қысқартылған оқу – 2–3 жыл):
Техникалық және кәсіптік білім туралы диплом және қосымшасы (түпнұсқа, көшірме, PDF);
3×4 өлшемді 6 фотосурет;
075/у медициналық анықтама (қағаз және PDF);
Екпе картасының көшірмесі (065/у немесе 063/у) (бар болса);
Жеке куәліктің 3 көшірмесі (қағаз және PDF);
ҰБТ сертификатының 2 көшірмесі (грантқа қатыс.
Камила
12-03-2026
Сәлеметсіз бе,дуалды оқу жайлы сұрақ туындады.Бакалавриаттың 3 курсында дуалды оқуға көшуге болама(толық күндізгі)?
Жауабы
Сәлеметсіз бе!
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 27 шілдедегі №361 бұйрығымен бекітілген дуалды оқытуды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес, дуалды оқыту – білім беру ұйымындағы оқуды өндірістегі оқумен және кәсіби практикамен ұштастыратын оқыту нысаны болып табылады. Дуалды оқытуға көшу үшін студент, жоғары оқу орны және кәсіпорын (ұйым) арасында арнайы келісімшарт жасалады. Сондай-ақ студент кәсіпорында әңгімелесуден өтіп, жұмыс орнымен қамтамасыз етілуі қажет. Сондықтан бакалавриаттың 3-курсында дуалды оқуға көшу мүмкіндігі мамандыққа және кәсіпорынның болуына байланысты жеке түрде қарастырылады. Егер студент өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасса және кафедра меңгерушісінің келісімі болса, дуалды оқу түріне көшу мүмкіндігі бар.
Ильясова Гульмира
03-03-2026
Мед коледжден кейін мед академияға ұбт кашан болады?
Жауабы
05-03-2026
Сәлеметсіз бе!
Грантқа немесе ақылы бөлімге құжат тапсыру үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысу қажет. Оған өтініш беру мерзімі 10 сәуір мен 25 мамыр аралығында өтеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №600 бұйрығымен бекітілген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес, мерзімді әскери қызметтен өткен азаматтар әскерден кейін 2 жыл ішінде жоғары оқу орнына ҰБТ нәтижесінсіз, қабылдау комиссиясының әңгімелесу нәтижесі бойынша ақылы бөлімге оқуға түсе алады.
Серик Адия Ернаркызы
20-02-2026
Здравствуйте, можно узнать сколько баллов нужно на грант гостиничный бизнес и переводческое дело.
Жауабы
23-02-2026
Здравствуйте!
Минимальный проходной балл на грант в 2025 году по образовательной программе B093 «Ресторанное дело и гостиничный бизнес» составил 110 баллов по общему конкурсу и 85 баллов по целевому общему конкурсу, а также по образовательной программе B036 «Переводческое дело» проходной балл по общему конкурсу составил 126 баллов. Обратите внимание, что проходные баллы ежегодно меняются, так как они напрямую зависят от количества выделенных грантов, числа абитуриентов и набранных ими баллов.
Әмірхан Аянат
19-02-2026
Шығармашылық емтиханда партфолио маңызды ма, әлде ол болмаса да бола ма?
Жауабы
19-02-2026
Сәлеметсіз бе!
В042 Журналистика және репортер ісі білім беру бағдарламасы бойынша шығармашылық емтихан кәсіби жарамдылықты анықтауға арналған шығарма жазу және әңгімелесу (сұхбат) форматында өтеді. Яғни, талапкердің қабілеті, ойлау деңгейі, сөйлеу мәдениеті және журналистикаға бейімділігі әңгімелесу барысында бағаланады.
Егер сізде мақалалар, жарияланымдар, видео-сюжеттер немесе басқа да шығармашылық жұмыстарыңыз болса, оларды өзіңізбен бірге апарғаныңыз артық болмайды. Бұл сіздің дайындығыңыз бен тәжірибеңізді көрсетуге мүмкіндік береді.
Портфолио міндетті емес. Ол болмаса да, шығармашылық емтиханға қатысуға болады, себебі негізгі бағалау форматы шығармашылық және әңгімелесу.
Жамал Жанар Жақсылыққызы
15-02-2026
Мен, Жамал Жанар Жақсылыққызы. Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетін "педагогика және психологи" 2019 жылғы түлегі ретінде деген документті жіберуіңізді сұраймын
Жауабы
16-02-2026
Сәлеметсіз бе, Жанар! Құжаттар бойынша жауап алу үшін ресми хатты университеттің электронды поштасына info@ksu.edu.kz
жіберуіңіз қажет болады.