А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің Басқарма Төрағасы-Ректоры,
География ғылымдарының докторы
Өтініштер:
Шектібаева Бақытжамал
05-06-2025
Жоғарғы оқу орнына грантқа түсу үшін не істеу керек?
Жауабы
05-06-2025
Сәлеметсіз бе! Грант конкурсына қатысу үшін ағымдағы жылдың 16 мамыры мен 5 шілде аралығында ҰБТ тапсыру керек, ҰБТ-ға өтініштер сәуірдің 12-25 аралығында қабылданды. Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсына қатысуға өтініштер шілде айының 13-20 аралығында қабылданады.
Айжан Тұрдымұрат
04-06-2025
56 баллмен оқуға түсе аламын ба
Жауабы
05-06-2025
Сәлеметсіз бе! Грант конкурсына қатысу және (немесе) ақылы оқуға қабылдау үшін ҰБТ-ның нәтижесіне сәйкес "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша және "Құқық" даярлау бағыты бойынша – кемінде 75 балл, басқа даярлау бағыттары бойынша - 50 балл. Бұл ретте ҰБТ-ның Қазақстан тарихы және екі бейіндік пәндері бойынша және (немесе) шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл, ал Оқу сауаттылығы мен Математикалық сауаттылықтан кемінде 3 балл алу қажет.
Айлин
02-06-2025
Колледждегі мамандығым бойынша Ұбт тапсырдым жооға түсу үшін бірақ 70 балдан грантка түсу үшін шекті балл қанша бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша
Жауабы
03-06-2025
Сәлеметсіз бе! Қысқартылған оқу мерзімін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға арналған жоғары білімнің беру грантын беру конкурсына қатысу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 35 балл, оның ішінде ҰБТ-ның әрбір пәні бойынша кемінде 5 балл жинаған адамдар жіберіледі.
Құттимуратова Аида
01-06-2025
Оқуға тапсыру. Психология мамандығы барма
Жауабы
02-06-2025
Сәлеметсіз бе, университетімізде "6В03101 Психология" деген білім беру бағдарламасы бар. Құжат қабылдау 20 маусымда басталады.
Дильназ Амангаликызы
30-05-2025
Шыгармашылык ент проходной бал канша физрукка
Жауабы
02-06-2025
Сәлеметсіз бе, "Дене шынықтыру және спорт" шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламасы болғаннан кейін, оқуға қабылдану үшін ҰБТ екі пәні: Қазақстан тарихы мен оқу сауаттылығы және шығармашылық емтихандардың нәтижелері саналады, шекті балл 75 балл. Бұл ретте ҰБТ-ның Қазақстан тарихы және екі шығармашылық емтиханнан кемінде 5 балл, ал Оқу сауаттылығы мен Математикалық сауаттылықтан кемінде 3 балл алу қажет. Құжат қабылдау 20 маусым мен 6 шілде аралығында жүзеге асырылады.
Аноним
30-05-2025
Тандау пән Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті мұғалім мамандығына грантқа түсу үшін ҰБТ дан қанша балл жинау керек грантқа түскен жағдайда дистанционное обучение ретінде оқи аламынба?
Жауабы
30-05-2025
Сәлеметсіз бе! Бұл конкурс болғаннан кейін грант бөлінетін мемлекеттік тапсырыс пен берілетін өтініштер санына байланысты болады.
каратаев данияр сергеевич
29-05-2025
Здравствуйте, со скольки баллов ент начинается конкурс на грант на специальность «менеджмент и управление» а также на финансы экономика страховое и банковское дело»
Абдразак Жаркынай
27-05-2025
Сәлеметсіз бе! Мен 9дан кетіп бастауыш мұғаліме колледжге түскен едім казір 1курсты тәмәндадым, енді болашақта Ұбт тапсырп универге, ағылшын таңдап түсе аламнба?
Жауабы
29-05-2025
Сәлеметсіз бе, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 3 тармағына сәйкес университетімізге жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар адамдар қабылданады. Колледж бітіріп, диплом алғаннан кейін оқуға түсуіңізге болады.
Қабатай Диас
21-05-2025
Здравствуйте! Хотел уточнить , если у меня по дисциплине История Казахстана балл 87 (В+), то у меня есть ли шанс на красный диплом? И ещё на красный диплом влияет ли курсовая работа ?
Жауабы
22-05-2025
Здравствуйте! Согласно пункту 50 Типовых правил деятельности организаций высшего и послевузовского образования:
Обучающемуся по образовательной программе высшего образования, имеющему по учебным дисциплинам и другим видам учебной деятельности (за исключением итоговой аттестации) итоговые оценки А, А – "отлично", В-, В, В+, С+ "хорошо" при среднем балле успеваемости (GPA) не ниже 3,5, а также сдавшему итоговую аттестацию с оценками А, А – "отлично", выдается диплом с отличием (без учета оценок по дополнительным видам обучения). При этом, обучающемуся, имеющему в течение всего периода обучения пересдачи или повторные сдачи итогового контроля (экзамена), диплом с отличием не выдается.
Экзамен по Истории Казахстана является государственным экзаменом, но не относится к итоговой аттестации, поэтому оценка "хорошо" допускается, если выполнены все остальные выше перечисленные условия.
Сайран ләзиза
21-05-2025
Мен джт құқық грантқа ұбтдан 54бал жинадым, қайсы университет ке ақылы оқи алам?
Жауабы
22-05-2025
Сәлеметсіз бе, жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының 4 тармағына сәйкес "Құқық" даярлау бағыты бойынша оқуға түсу үшін ҰБТ-дан кемінде 75 балл жинау керек.
Бұл ретте ҰБТ-ның Қазақстан тарихы және екі бейіндік пәндері бойынша кемінде 5 балл, ал Оқу сауаттылығы мен Математикалық сауаттылықтан кемінде 3 балл алу қажет.
Өтініштер:
Психология мамандығы барма