Колледж түлектеріне

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар және оқытудың қысқартылған мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың сабақтас бағыттарына түсетін тұлғалар жоғары білімнің білім беру бағдарламалары топтары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім мамандықтарының сәйкестігі жөніндегі әдістемелік ұсынымдар негізінде университетке қабылданады «Жоғары білімнің мәндес білім беру бағдарламалары топтары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім мамандықтарының сәйкестігі жөніндегі әдістемелік ұсынымдары».

Оқуға түсуге қажетті құжаттар тізімі

  1. Білімі туралы құжат — қосымшасымен бірге диплом/аттестат (түпнұсқа, көшірме және PDF электрондық нұсқасы);
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың екі көшірмесі (қағаз және PDF электрондық нұсқасы);
  3. 3 x 4 сантиметр көлеміндегі 6 фотосурет;
  4. 075/у нысанындағы медициналық анықтама (қағаз және PDF электрондық нұсқасы);
  5. 065/у (063/у) нысанындағы профилактикалық екпелер картасының көшірмесі бар болған жағдайда (қағаз және PDF электрондық нұсқасы);
  6. ҰБТ сертификатының екі көшірмесі бар болған жағдайда (қағаз және PDF электрондық нұсқасы);
  7. Басқа жоғары оқу орнында тапсырылған жағдайда шығармашылық немесе арнайы емтихан өткізу ведомосынан үзінді көшірме (қағаз және PDF электрондық нұсқасы);
  8. Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік – бар болған жағдайда (қағаз және PDF электрондық нұсқасы);
  9. Тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда – неке туралы куәліктің немесе Т.А.Ә. өзгергенін растайтын өзге құжаттың көшірмесі бар болған жағдайда (қағаз және PDF электрондық нұсқасы);
  10. Артықшылықты құқықты/квотаны/жеңілдікті растайтын құжаттар бар болған жағдайда (қағаз және PDF электрондық нұсқасы);
  11. Ер азаматтар үшін: әскери билеттің көшірмесі бар болған жағдайда (қағаз және PDF электрондық нұсқасы).

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл еңбек өтілі бар тұлғалар қосымша Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген құжаттардың бірін ұсынады. Құжаттар толық ұсынылмаған жағдайда университеттің қабылдау комиссиясы құжаттарды қабылдамайды.

Білім беру гранттары конкурсына қатысу

Оқытудың қысқартылған мерзімдерін көздейтін жоғары білімнің білім беру бағдарламаларына түсушілер үшін бірыңғай ұлттық тестілеудің жалпы кәсіптік және арнайы пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі

       

Білім беру бағдарламалары тобы

ҰБТ пәндері

 

ҰБТ шекті балы Грант конкурсына қатысу үшін

Жалпы кәсіптік пән

Арнайы пән

B001 Педагогика және психология

Педагогика және психология негіздері

Тәрбие жұмысының теориясы мен практикасы

35

B002 Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

Мектепке дейінгі педагогика және психология негіздері

Тәрбие жұмысының теориясы мен практикасы

35

B003 Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Педагогика және психология негіздері

Тәрбие жұмысының теориясы мен практикасы

35

B004 Алғашқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау

Спорт түрлері бойынша нормативтер

Педагогика және психология негіздері

35

B005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Мамандандыру бойынша нормативтер

Педагогика және психология негіздері

35

B006 Музыка мұғалімдерін даярлау

Орындаушылық өнер

Педагогика және психология негіздері

35

B007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

Сурет (гипстен жасалған адамның бет маскасын салу)

Педагогика және психология негіздері

35

B009 Математика мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Математика

35

B010 Физика мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Физика

35

B011 Информатика мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Информатика

35

B012 Химия мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Химия

35

B013 Биология мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Биология

35

B014 География мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

География

35

B015 Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Қазақстан тарихы

35

B016 Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Қазақ тілі

35

B017 Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Орыс тілі

35

B018 Шетел тілі мұғалімдерін даярлау

Педагогика және психология негіздері

Шетел тілі

35

B020 Арнайы педагогика

Педагогика және психология негіздері

Биология

35

B034 Тарих

Қазақстан тарихы

Дүниежүзі тарихы

25

B036 Аударма ісі

Қазақ / Орыс тілі

Шетел тілі

25

B037 Филология

Қазақ / Орыс тілі

Қазақ / Орыс әдебиеті

25

B041 Психология

Қазақстан тарихы

Психология негіздері

25

B042 Журналистика және репортерлік іс

Эссе (шығарма)

Қазақ / Орыс тілі

25

B043 Кітапхана ісі, ақпаратты өңдеу

Қазақ / Орыс тілі

Іс жүргізуді ұйымдастыру

25

B044 Менеджмент және басқару

Экономика негіздері

Менеджмент

25

B045 Аудит және салық салу

Қаржы және несие

Ұйым экономикасы

25

B046 Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі

Қаржы және несие

Ұйым қаржысы

25

B047 Маркетинг және жарнама

Экономика негіздері

Маркетинг

25

B049 Құқық

Мемлекет және құқық теориясының негіздері

Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы

25

B050 Биологиялық және сабақтас ғылымдар

Химия

Биология

25

B051 Қоршаған орта

Химия

Биология

25

B053 Химия

Биология

Химия

25

B054 Физика

Математика

Физика

25

B055 Математика және статистика

Қаржы және несие

Математика

25

B057 Ақпараттық технологиялар

Математика

Алгоритмдеу және бағдарламалау негіздері

25

B062 Электротехника және энергетика

Электротехниканың теориялық негіздері

Еңбекті қорғау (электр қауіпсіздігі негіздері)

25

B064 Механика және металл өңдеу

Материалтану

Еңбекті қорғау

25

B065 Көлік техникасы және технологиялары

Физика

Еңбекті қорғау

25

B068 Тамақ өнімдерін өндіру

Химия

Микробиология

25

B076 Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша)

Физика

Стандарттау

25

B077 Өсімдік шаруашылығы

Биология

Агрономия негіздері

25

B078 Мал шаруашылығы

Биология

Мал шаруашылығы

25

B083 Ветеринария

Биология

Жануарлар анатомиясы және физиологиясы

25

B091 Туризм

География

Туристік қызметті ұйымдастыру

25

B092 Бос уақытты ұйымдастыру

Орындаушылық шеберлік

Қазақстан тарихы

25

B093 Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі

Қазақстан тарихы

Мейрамхана және қонақ үй қызметін ұйымдастыру

25

B183 Агроинженерия

25

Бұл ретте ҰБТ-ның әр пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинау қажет.

Ақылы оқуға қабылдау

Оқытудың қысқартылған мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың сабақтас бағыттары бойынша «орта буын маманы» немесе «қолданбалы бакалавр» біліктілігі бар техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар азаматтарды Университетке қабылдау қабылдау емтиханы негізінде жүзеге асырылады.

Маңызды білу қажет!

Шығармашылық дайындықты талап ететін Университеттің білім беру бағдарламалары топтарына қабылдау шығармашылық емтихандардың нәтижелері негізінде жүзеге асырылады. Шығармашылық емтихандарға қатысуға өтініштер қабылдау:

  1. күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 6 шілдесі аралығында – білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысатын тұлғалар үшін;
  2. күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 10 тамызы аралығында – ақылы негізде оқуға түсушілер үшін жүргізіледі.

Шығармашылық емтихандар:

  • күнтізбелік жылдың 7 шілдесі мен 20 шілдесі аралығында – білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысатын тұлғалар үшін;
  • күнтізбелік жылдың 7 шілдесі мен 15 тамызы аралығында – ақылы негізде оқуға түсушілер үшін өткізіледі.

Шығармашылық емтихан 20 балдық жүйе бойынша бағаланады.

«Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласы бойынша оқуға түсушілер бір арнаулы емтихан тапсырады.

«Педагогикалық ғылымдар» білім беру салалары бойынша оқуға түсу үшін құжаттарды қабылдау және арнайы емтихан өткізу күнтізбелік жылдың 20 маусымы мен 20 тамызы аралығында жүзеге асырылады.

«Педагогикалық ғылымдар» білім беру салалары бойынша түсушілерге арналған арнайы емтихан педагогикалық жағдайды шешу түрінде өткізіледі және «өтті» немесе «өтпеді» форматында бағаланады.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім базасында қысқартылған білім беру бағдарламаларына қабылдау кезінде алдыңғы білім деңгейінің оқу нәтижелері автоматты түрде танылады.

Бұл ретте оқу жоспарларына сәйкес қайта есептелетін пәндер бойынша оқу нәтижелері (пәндер бойынша қорытынды балл) білім туралы құжат қосымшасының орташа балына сәйкес қайта есептеледі.

Білім туралы құжат қосымшасының орташа балы есептеліп, қайта есептелетін әрбір пән бойынша қорытынды баға ретінде орташа балл қойылады.

Студенттер қатарына қабылдау академиялық топтардың құрылуына қарай 20 маусым мен 25 тамыз аралығында жүргізіледі.

Егер техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері даярлаудың сабақтас бағытына жатпайтын білім беру бағдарламалары тобын таңдаған жағдайда, аталған тұлғалар Бірыңғай ұлттық тестілеуді жалпы негізде тапсырады.

Қабылдау комиссиясы