object(DateTime)#1023 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-21 19:22:43.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Докторантура

(PhD) бағдарламасы бойынша және бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша келесі білім беру бағдарламалары бойынша докторлар даярлауды жүзеге асырады.

Докторантураның білім беру бағдарламаларының тізбесі

2024 - 2025 оқу жылына жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында PhD докторларын даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы (қысқы қабылдау)  (Жүктеу)

Өнер және гуманитарлық ғылымдар:

  • 8D02201 Тарих
  • 8D02301 Қазақ филологиясы
  • 8D02302 Шетел филологиясы (ағылшын тілі)
  • 8D02303 Орыс филологиясы

Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат:

  • 8D03201 Журналистика

Бизнес, басқару және құқық:

  • 8D04101 Экономика
  • 8D04102 Менеджмент
  • 8D04201 Құқықтану

Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика:

  • 8D05101 Биология

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар:

  • 8D06101 Информатика
  • 8D06102 Ақпараттық технологиялар және робототехника

Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары:

  • 8D07101 Электр энергетикасы
  • 8D07102 Технологиялық машиналар және жабдықтар

Ауыл шаруашылығы және биоресурстар:

  • 8D08101 Агрономия
  • 8D08201 Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы
  • 8D08701 Аграрлық техника және технология

Ветеринария:

  • 8D09101 Ветеринарлық медицина
  • 8D09102 Ветеринарлық санитария

PhD докторантураға "магистр" дәрежесі және кемінде 9 ай еңбек өтілі бар немесе медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқу бітірген, бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураға, оның ішінде DBA (Doctor of Business Administration (ДиБиЭй)) бағдарламалары бойынша – магистартура немесе бейінді магистратураға теңестірілген жоғары арнауы білімі бар тұлғалар қабылданады.

Түсу емтихандарына қатысуға өтініштерді қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының сайтында (https://app.testcenter.kz) келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:

  • күнтізбелік жылғы 3 шілдеден 3 тамызға дейін (жазғы қабылдау);
  • күнтізбелік жылғы 28 қазаннан 10 қарашаға дейін (қысқы қабылдау).

Қабылдау емтихандары келесі мерзімдерде өткізіледі:

  • күнтізбелік жылдың 4 тамызынан 20 тамызына дейін (жазғы қабылдау);
  • күнтізбелік жылдың 19 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін (қысқы қабылдау).

4 мен 20 тамыз аралығында өткізілетін түсу емтиханының сертификаты ағымдағы күнтізбелік жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды болады.

18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізілетін түсу емтиханының сертификаты келесі күнтізбелік жылғы 1 наурызға дейін жарамды болады.

Білім беру грантын тағайындау бойынша конкурсқа өтініш бергенге дейін түсушіде Ұлттық білім беру деректер қорында (ҰБДҚ) «білім алушы» мәртебесі болмауы керек.

Философия докторлары (РhD) бойынша докторлар бағдарламасы

Докторантураға түсу үшін құжаттар тізбесі:

  1. Жеке басын куәландыратын құжаттың екі көшірмесі;
  2. Қосымшасы бар білім туралы құжат (магистратураның дипломы) (түпнүсқа және бір көшірме);
  3. Шетелдік азаматтарды қоспағанда,ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан (КАЗТЕСТ) тапсырғаны туралы ресми сертификат (кез келген деңгей);
  4. Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат (ағылшын, неміс, француз) (көшірмесі)

Ағылшын тілі:

  • International English Language Tests System Academic (IELTS Academic)  шекті балл кемінде – 5.0;
  • Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT)  шекті балл кемінде - 35 баллов;
  • Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP) шекті балл кемінде - 417;
  • TOEIC (Test of English for International Communication), шекті балл кемінде - 550;
  • Duolingo English Test шекті балл кемінде  - 80;

Неміс тілі:

  • Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau В1 (DSH, Niveau В1) - В1 деңгейінен төмен емес;
  • TestDaF-Prufung Niveau В1 (TDF Niveau В1) - В1 деңгейінен төмен емес;

Француз тілі:

  • Test de Français International (TFI)  – оқу және тыңдау секциялары бойынша В1 деңгейінен төмен емес;
  • Diplome d’Etudes en Langue français (DELF)  - В1 деңгейінен төмен емес;
  • Diplome Approfondi de Langue français (DALF)- В1 деңгейінен төмен емес;
  • Test de connaissance du français (TCF)  – В1 деңгейінен төмен емес.
  1. 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама (түпнүсқа және бір көшірме);
  2. 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
  3. Шетелдік азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат;
  4. Соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізбесі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары және эссе.

Құжаттар тізбесі толық ұсынылмаған жағдайда университеттің қабылдау комиссиясы құжаттарды қабылдамайды.

TOEFL ІTP (Test of Englіsh as a Foreіgn Language Іnstіtutіonal Testіng Programm) сертификаты бар тұлғалар докторантураға түсу емтиханы басталғанға дейін қосымша тестілеуді тапсырады.

Қосымша тестілеудің тест тапсырмаларының саны 100 сұрақты құрайды. Ең жоғарғы балл саны 100 балды құрайды.

Қосымша тестілеудің өткізілу күні, уақыты және орны түсушіге оның "жеке кабинеті" арқылы жолданады.

4-20 тамыз аралығында өткізілген қосымша тестілеу сертификаты күнтізбелік ағымдағы жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды.

18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында өткізілген қосымша тестілеу сертификаты келесі күнтізбелік жылғы 1 наурызға дейін жарамды.

Қосымша тестілеу "өтті" немесе "өтпеді" деген нысанда бағаланады. "Өтті" деген бағаны алу үшін кемінде 75 балл жинау керек.

Докторантураға түсу емтиханы мынадай блоктардан тұрады:

  • оқуға түсушімен емтихан комиссиясы өткізетін әңгімелесу;
  • эссе жазудан (Эссе тақырыптары)
  • білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптардан тұрады (Емтихан сұрақтары).

Қорытынды баға эссені бағалау, білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына берілген жауаптар мен әңгімелесу нәтижелерін қосу арқылы қосындысынан алынған балдар жиынтығынан тұрады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша докторантураға білім алу үшін түсу емтиханынан кемінде 75 балл, жинаған тұлғалар конкурстық негізде қабылданады.

Докторантураға түсу емтиханына 3 сағат 30 минут (210 минут) беріледі, оның ішінде:

  • әңгімелесуге – 20 минут;

Докторантураға түсетін адамдар үшін әңгімелесуді ЖЖОКБҰ "Эссе жазу" және "Білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар" блоктары бойынша түсу емтихандарын тапсырғанға дейін дербес жүргізеді.

Әңгімелесу оқуға түсушінің кәсіби және жеке қасиеттерін, ғылыми - зерттеу немесе эксперименттік-зерттеу жұмыстарын жүргізу әлеуетін бағалауға бағытталған.

Әңгімелесу міндетті түрде бейне байланысты пайдалана отырып, қашықтықтан жүргізіледі.

  • эссе және білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына жауаптар жазуға – 190 минут (3 сағат 10 минут).

Бұл ретте, көру, есту, тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған мүгедектерге "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32922 болып тіркелген) бекітілген мүгедектікті белгілеу туралы құжатты ұсынған жағдайда түсу емтиханын тапсыруға 30 минутқа дейін қосымша уақыт беріледі.

Докторантураға түсуге арналған бағалау жүйесінің 100-балдық шкаласы

Тест түрлері Баллы
Емтихан комиссиясы оқуға түсушімен өткізетін әңгімелесу 25
Эссе 20
Білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтары 50
Барлығы 100

Философия докторлары (РhD) бағдарламасы бойынша докторантураға тұлғаларды ақылы негізде қабылдау шет тілін меңгерудің жалпыеуропалық құзыреттеріне (стандарттарына) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификатының негізінде және докторантураның білім беру бағдарламалары топтарының бейіні бойынша түсу емтиханының қорытындысы бойынша және мүмкін болған 100 балдан кемінде 75 балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.

Бейіні бойынша докторлар бағдарламасы

Докторантураға бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша түсетін тұлғалар мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Қосымшасы бар білім туралы құжат (магистратураның дипломы) (түпнүсқа және бір көшірме);
  2. Жеке басын куәландыратын құжаттың екі көшірмесі;
  3. Шетелдік азаматтарды қоспағанда,ҰТО берген мемлекеттік тіл бойынша емтихан (КАЗТЕСТ) тапсырғаны туралы ресми сертификат (кез келген деңгей);
  4. 075/у нысаны бойынша медициналық анықтама (түпнүсқа және бір көшірме);
  5. 3x4 сантиметр көлеміндегі алты фотосурет;
  6. Шетелдік азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжат;
  7. Соңғы 3 күнтізбелік жылдағы ғылыми жарияланымдар тізбесі (болған жағдайда), зерттеулер жүргізу жоспары және эссе.
  8. Шет тілін меңгергенін растайтын сертификат (ағылшын, неміс, француз) (көшірмесі):

Ағылшын тілі:

  • International English Language Tests System Academic (Интернашнал Инглиш Лангудж Тестс Систем Академик) (IELTS Academic) (АЙЛТС Академик);
  • Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж Инститьюшнал Тестинг програм Интернет бейзид тест) (TOEFL IBT) (ТОЙФЛ АЙБИТИ);
  • Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (Тест ов Инглиш аз а Форин Лангудж институшинал тестинг програм) (TOEFL ITP) (ТОЙФЛ АЙТИПИ);
  • TOEIC (Test of English for International Communication (Тест ов Инглиш фо Интернейшнал комуникэйшн));
  • Duolingo English Test (Дуолинго Инглиш тест);

Неміс тілі:

  • Deutsche Sprachpruеfung fuеr den Hochschulzugang Niveau В1 (дойче щпрахпрюфун фюр дейн хохшулцуган ниво В1) (DSH, Niveau В1) (ДЙСИЭИЧ, ниво В1);
  • TestDaF-Prufung Niveau В1 (тестдаф-прюфун ниво В1) (TDF Niveau В1) (ТЙДИЭФ, ниво В1);

Француз тілі:

  • Test de Français International (Тест де франсэ Интернасиональ) (TFI) (ТФИ);
  • Diplome d’Etudes en Langue français (Диплом дэтюд ан Ланг франсэз) (DELF) (ДЭЛФ);
  • Diplome Approfondi de Langue français (Диплом Аппрофонди де Ланг Франсэз) (DALF) (ДАЛФ);
  • Test de connaissance du français (Тест де коннэссанс дю франсэ) (TCF) (ТСФ).

Осылайша, бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша түсу үшін шекті балл белгіленбейді.

Бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураға  түсу емтиханы әңгімелесу және білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтары бөлімдерінен тұрады.

Бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураға қорытынды баға әңгімелесу, білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтарына берілген жауаптар нәтижелерін және кәсіпорындар мен ұйымдардан ұсыныс хаттың болуын қосу арқылы қосындысынан алынған балдар жиынтығынан тұрады.

Бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураға түсуге арналған бағалау жүйесінің 80-балдық шкаласы

Тест түрлері Баллы
Емтихан комиссиясы оқуға түсушімен өткізетін әңгімелесу 25
Білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтихан сұрақтары 50
Барлығы 80

* Кәсіпорындар мен ұйымдардың ұсыныс хаты болған жағдайда қосымша 5 балл беріледі.

Бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантураға түсу емтиханына 2 сағат 30 минут (150 минут) беріледі.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде түсу үшін бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойыншадокторантураға өту балы 50 балды құрайды.

Шетелдік азаматтарды докторантураға ақылы негізде оқуға қабылдау университеттің қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша күнтізбелік жыл ішінде жүзеге асырылады (шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен танылады немесе нострификацияланады).

Қабылдау комиссиясының мекен-жайы: Қостанай қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 118

Электрондық пошта:  talapker@ksu.edu.kz

Instagram: kru_kst_priyem

Байланыс телефондары:

  • 8 (7142) 54-28-49
Қабылдау комиссиясы