Білім беру бағдарламалары
ҚР ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ "АТАМЕКЕН" ҰКП РЕЙТИНГІ - 2023
Біздің түлектер табысты жұмыс істеуде:
- Қазақстан мен ТМД елдерінің электрондық және баспа бұқаралық ақпарат құралдарында;
- Ұлттық және шетелдік ақпарат агенттіктерінде;
- Мемлекеттік, коммерциялық, қаржылық құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың баспасөз қызметтерінде;
- Жарнама және PR-агенттіктерде;
- SMM саласында.
Қабылдау үшін:
- Біздің мамандыққа қабылдау кезінде ҰБТ бойынша тек 2 пәннің ұпайы есепке алынады: Қазақстан тарихы (кемінде 5 балл), оқу сауаттылығы (кемінде 5 балл).
- Өту ұпайы: 50
Шығармашылық емтихандар біздің университет базасында жылы атмосферада өтеді:
- Эссе. Сіздерге белгілі бір оқиға немесе шығармамен байланысы жоқ 5 еркін тақырып ұсынылады. Бұл емтиханда сіз 15-тен 45-ке дейін ұпай жинай аласыз.
- Сіздің кәсіби бағдарыңыздың, коммуникативті мәдениетіңіздің деңгейін анықтауға бағытталған сұхбатта сіз 15-тен 45-ке дейін ұпай жинай аласыз. Оған сіз барлық жетістіктеріңіз, жарияланымдарыңыз, өлеңдеріңізбен толықтырылған портфолио дайындау керексіз.
Журналистика және коммуникациялық менеджмент кафедрасының беті