object(DateTime)#1060 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-11-18 11:08:57.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

ҚӨУ-де ЖАРҚЫРАҒАН ЖҰЛДЫЗДАР

Осы аптада Baitursynuly University сахнасы шынымен … жарқырады!

Талантты студенттер мен оқытушылар/қызметкерлер дәстүрлі вокалдық байқау – «Екі жұлдыз» сахнасында өнер көрсетті.

Биылғы байқау Халықаралық студенттер күніне арналды.

«Екі жұлдыз» – студент пен оқытушы немесе қызметкер бір команда болып өнер көрсететін ерекше байқау.

Бес жұп алдын ала дайындалып, әндерін таңдап, репетиция жасап, нәтижесінде көрермендерге ұмытылмас қойылымдар сыйлады.

Әр жұптың өз стилі, мінезі және тарихы бар. Сол себепті әр жұп өз номинациясында жеңімпаз атанды.

Қатысушыларға тек эмоциялар емес, керемет сыйлықтар тарту еткен демеушілеріміз: @ @wedrink.kostanay@anticafe_uide , @oppa_ramen_kst, @sadaq.qostanay, @zodiac_cinema_kostanay, @arabica.kostanay, @xeniya nails kst, @_valeriya.brows, @gunners_kosta.

ҚӨУ әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Нұрлыхан Темірбеков ҚӨУ ұжымы атынан серіктестерді алғыс хаттармен марапаттап, жылы лебізін жеткізді.

ҚӨУ Жастар саясаты басқармасы мен вокал ұстазы Гүлсүм Бейсембаевaға алғысымызды білдіреміз!

«Екі жұлдыз» биыл да студент пен ұстазды бір сазға тоғыстырып, көңілге қуаныш сыйлады.

Қабылдау комиссиясы