object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-26 09:42:50.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

«Біл! Ойла! Зертте!»

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде Халықаралық мереке, сулы-батпақты жерлер күні – су экожүйелері мен биологиялық әртүрлілікті қорғау және қалпына келтіру бойынша жыл сайын іс-шара өткізеді. Қазақстанда 200 миллион гектардан астам аумақта 2300-ден астам әлемдегі сулы-батпақты алқаптарға халықаралық мәртебе берілді, оның 10-ы халықаралық маңызы бар жерлер, оның 4-і Қостанай облысында орналасқан. Аталмыш іс-шара университетте 21 жыл қатарынан өткізіліп келеді. Мереке А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің экология және биология мәселелерінің ғылыми-зерттеу орталығының және б.ғ.д., профессор Татьяна Брагинаның жетекшілігімен ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты әлем мен елдің аса маңызды су жүйелерін, олардың өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау бойынша білімдерін кеңейту және белсенді іс-қимылдарға шақыру. Шара кафедра апталығы аясында өткізілді.

Қатысушылар сулы-батпақты жерлердің жағдайы мен маңызы туралы білімдерін кеңейтті. 1 курс магистранттары Татьяна Соколовская, Екатерина Тарасенко, Людмила Шван дайындаған «Біл! Ойлан! Зертте!» атты викторинасына  биология, химия және география мамандығының студенттері мен кафедра оқытушылары қатысты.

Қабылдау комиссиясы