object(DateTime)#1030 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-12-26 06:04:24.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

ҚАЗАҚШАҢЫЗ ҚАЛАЙ?

Филология және практикалық лингвистика кафедрасының инновация айы шегінде аға оқытушылар Мүрат Жумашев,  Ғазиза Шолпанбаева,  Айшагүл Нурсеитова,  Роза Мукашева «Қазақшаңыз қалай?» атты  интеллектуалды-танымдық сайыс 1 курс студенттерімен өткізді.

  1. Студенттерге мемлекеттік тілді меңгеру қажеттілігін түсіндіру. Қазақ тілінде еркін сөйлеуге машықтандыру.
  2. Нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы студент ой-өрісін дамыту, мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру.
  3. Тіл тазалығын сақтауға , мәдениетті сөйлеуге, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру.

Сабақта студенттердің  ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету. Студенттердің  сөздік қорын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру.

Оқытушылар басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар, тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді студент бойына сіңіре отыра, қазақ тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысты.

Қабылдау комиссиясы