object(DateTime)#1028 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-07-18 12:42:05.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«Жастарға рухани тәрбие берудің маңызы»

А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының конференция залында «Жастарға рухани тәрбие берудің маңызы» атты тақырыпта Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің докторанты Дастан Құрманбаевтың студенттермен кездесуі өтті.

Шараға басты қонақпен бірге жергілікті Марал Ишан мешітінің имамы, оқу орынның оқытушылары қатысты.

Кездесудің мақсаты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының атқаратын жұмыстары жөнінде баяндап, жастардың өз өмірлеріне жауапкершілікпен қарау керек екендіктерін түсіндіріп, рухани-адамгершілік сауаттылықтарын арттыру болып табылды.

Студенттер үшін рухани азық алатын жиын болды. Соңында студенттер өз сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.

Қабылдау комиссиясы