Baitursynuly University студенттері жазды әуендетіп, жігерлі бастап жатыр! Оқу жылының ең басты оқиғасы — Open Air. Дәстүр болып қалды.
Жанды музыка университет алаңы балалар мен ересектердің көзайымы болып тұр. Көрермендер ҚӨУ вокалистерін тыңдап, студенттік топтардың үздік би қойылымдарын тамашалап қана қоймай, өздері де өнер көрсете алды. Ашық микрофон барлығына өз өнерін көрсетуге мүмкіндік берді.
Жүргізушілер көрермендермен интерактив ұйымдастырып, имидждік сыйлықтардан құр қалмады.
Baitursynuly University рәміздері бейнеленген кәдесыйларға толы музыкалық маусым кеші қостанайлықтардың ұзақ уақыт есінде қалары анық.
Әрине, студенттердің өздері де сый-сияпатсыз қалған жоқ. Жыл бойы өзін жарқыратып көрсеткен үздіктердің үздіктері марапатталды. Олар туралы біз өз аккаунтымызда бірнеше рет жазғанбыз.
Құттықтаймыз! Біз сіздерді мақтан тұтамыз! БІЗДІҢ қыз-жігіттер ең көңілді, мейірімді әрі позитивті!