ЗАҢ және ТӘРТІП. ЦИФРЛЫҚ дәуір

Бүгін Baitursynuly University республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Турнирге 24 команда, яғни 48 спикер қатысты. Олар - мектеп оқушылары, колледж және университет студенттері. Биылғы пікірталастың өзегі - «Цифрлық қоғамдағы заң және тәртіп» тақырыбы болды.

Қазіргі таңда технологиялардың дамуы қарқынды жүріп жатыр. Сондықтан да заңдардың цифрлық қауіптерге, жасанды интеллект пен жеке мәліметтердің қорғалуына қалай бейімделуі керектігі – аса өзекті мәселе. Турнир қатысушылары осы және басқа да маңызды сұрақтарды талқылап, өз көзқарастарын ортаға салды.

Ұйымдастырушы - «Парасат» пікірсайыс клубы.

Жеңімпаздар:

Үздік спикер - Жансерік Қалиола.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

Қабылдау комиссиясы