ҚР Ұлттық Банкінің Қостанайдағы филиалы Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының 30 жылдығын атап өтті, оған «Қаржы» және «Экономика» ББ білім алушылары қатысты.
Директордың орынбасары Жанна Омарханова қонақтарды ұлттық валютаның мерейтойымен құттықтады. Ал филиал бөлімшелерінің басшылары филиалдың негізгі жұмысы және банктің мерейтойға байланысты ұйымдастырған іс-шаралары жайлы түсіндірді. Білім алушыларға теңге тарихынан қызықты деректер айтылды, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкінің Банкнот фабрикасының жұмысы туралы ролик көрсетілді.
Шақырылған қонақтар үшін ұлттық валюта туралы кітап көрмесі, суреттер байқауы ұйымдастырылды, сонымен қатар студенттер мұражай экспонаттарымен және қызметкерлердің спорттық жетістіктерімен танысты.