object(DateTime)#1029 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-11-27 15:09:46.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}

«Қысқы қиял» шығармашылық көрмесі

Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының  «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі», «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламаларында қашықтықтан (дистанционды) оқитын 1-2-курс студенттерінің қорытынды шығармашылық «Қысқы қиял» атты көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Көрме институт кітапханасында аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі Айгүл Қасаболаттың жетекшілігімен ұйымдастырылды.

Кинусайг, гипс рельеф, гуашь, майлы бояу, акварель техникасымен орындалған жұмыстар әдемілігімен көз тартады. Көрмеге сондай-ақ натюрморт, пейзаж, анималистік жанрларда сәндік қолданбалы өнер туындылары, қолдан тоқылған ойыншықтар қойылды. «Бейнелеу қызметінің теориясы мен әдістемесі және құрастыру бойынша практикум» пәнінен меңгерген білімдерін тәжірибелік тапсырмада орындай білді.

Көрменің мақсаты - болашақ маманның балармен жұмыс жасауда қиялын, эстетикалық сезімін, көркемөнерді қабылдауын, өнерді көркемдік деңгейде бағалауға баулу, шығармашылықтарын дамыту қабілеттерін шыңдау. Қашықтықтан оқитын студенттердің пікірінше қолөнер, бейнелеумен шұғылдану балаларға терапиялық рухани релакс сыйлайды, өйткені қолмен көркемөнер туындыларын жасау миға күш-қуат беріп, шабыттандырады. Бейнелеу өнерімен шұғылдану психологияда арнайы терапиялық әдіс ретінде қолданылады.

Қашықтықтан оқитын студенттер аз уақытта әртүрлі техникаларды меңгеріп, қажетті біліктіліктерді меңгерді.

Көрмеден кейін кітапхана қызметкері Татьяна Сусик кітапханадағы цифрлы экожүйе жобасымен таныстырып, репозитори туралы айтып берді, базалармен жұмыс жасау әдістерін түсіндірді.

Қабылдау комиссиясы