object(DateTime)#1025 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2024-04-18 15:41:24.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(9) "Asia/Omsk"
}

Worldskills Kostanay 2021

18-19 мамыр күндері Қостанай политехникалық жоғары колледжінің базасында VII Worldskills Қостанай 2021 Чемпионаты өтті.

Сайысқа Қостанай облысының жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері, сондай-ақ Қостанай политехникалық жоғары колледжінің, А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-нің, М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ-нің, «Gurme» ЖК, Қостанай қызмет көрсету колледжі, Қостанай индустриалдық-педагогикалық колледжі, Рудный технология және сервис колледжі, Лисаков техникалық колледжінің жас мамандары қатысты.

Worldskills Kazakhstan бас ұлттық сарапшысы - Анзор Саидовтың жетекшілігімен А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті 3 құзыреттілік бойынша бәйгеге түсті:

«Астық сапасын анықтау» құзыреттілігі бойынша Нұржан Зияда;

«Аспаздық ісі» құзыреттілігі бойынша Артем Мишура;

«Кондитерлік іс» - Анна Трискун, Юлия Иванченко («Gurme» ЖК).

Компатриот-сарапшылар: Оралбай Хасенов, Карина Жаңабаева, Любовь Павлова және Лилия Демина. Байқау қорытындысы бойынша сараптау комиссиясы жеңімпаздарды анықтады. Біздің студенттер келесі нәтижелерді көрсетті:

- Юлия Иванченко - 2 орын;

- Нұржан Зияда – 3 орын;

- Анна Трискун - «Кәсіби шеберлігі үшін» медалі!

Қатысушылар мен олардың тәлімгерлерін жүлделі орындарымен құттықтаймыз!

Қабылдау комиссиясы