ТҮЛЕКТЕР: Араға 20 жыл салып

Экономика және құқық факультетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша 2006 жылы оқу бітірген түлектер қара шаңырақта қайта бас қосты.

Алтын ұядан түлеп ұшқандарына 20 жыл толған бұл кездесуге факультет басшылығы мен ұстаздар қауымы да арнайы қатысты. Жылдар жылжығанда қайта дидарласып, өмірлік әрі кәсіби тәжірибе алмасуға, балғын студенттік шақтың тәтті сәттерін бірге еске алуға бұл кеш таптырмас мүмкіндік болды.

Қатысушылар өткен шаққа бір оралып, кейін бүгінгі жеткен биіктері мен кәсіби табыстарын ортаға салды, студенттік жылдардың естеліктер палитрасын жаңартты.

Жиналған қауымға факультет деканы Айдар Байкин алғыс білдіріп, құттықтау сөз сөйледі. Декан өз сөзінде факультеттің қазіргі тыныс-тіршілігі мен алдағы даму бағыттарын баяндап, жалпы ҚӨУ-дің бағындырған белестеріне тоқталып өтті. Өз кезегінде түлектер оқу орнының білім беру жүйесіндегі соны жаңалықтар мен соңғы жылдары жаңарған университет инфрақұрылымына жоғары қызығушылық танытты.

Кездесу өте жылы, шынайы әрі ерекше көңіл-күйде өтті. Осындай тағылымды шаралар әр буын түлектерінің арасындағы алтын көпірді нығайтып, университет қауымдастығының игі дәстүрлерін сабақтастыруға үлкен септігін тигізеді.

Қабылдау комиссиясы