Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының студенттері Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қостанай облысының танымал тұлғаларымен кездесті.
Іс-шара қонақтары:
Қырмызы Сапарқызы кездесуге қатысушыларды еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтады. Профессор Қалқаман Хасенұлы еліміздің тарихына баса назар аударып, қазақ тілінің, қазақ жазуы мен тіл саясатының өткені мен бүгініне талдау жасады. Ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілінің 30 жылдағы жетістіктері туралы айтып берді. Бауыржан Айдаболұлы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы еліміздің жетекші саяси партиясы – «Nur Otan» үшін мазмұнды болғанын атап өтті.
Сондай-ақ іс-шара барысында гендерлік теңдік, көшбасшылық қасиеттерді дамыту, мансаптық дамудың жеке желісін құру, салауатты өмір салтын қолдау мәселелері талқыланды.
Кездесуді Ө. Сұлтанғазин атындағы педагогика институтының Педагогика және психология кафедрасы ұйымдастырды.