object(DateTime)#1039 (3) {
  ["date"]=>
  string(26) "2025-04-03 02:12:09.000000"
  ["timezone_type"]=>
  int(3)
  ["timezone"]=>
  string(12) "Asia/Karachi"
}
ТДМ

Студенттермен кездесу

Бүгін П.И. Чужинов атындағы экономика және құқық институты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 1 курс студенттерімен кездесу өткізді.

Аталмыш іс-шара ZOOM платформасында өтті. Кездесуге қатысқан студенттер саны - 200. Онлайн жүздесу барысында студенттерге қашықтықтан оқыту формасынан шығу, сонымен қатар 1 курс студенттерінің медициналық тексеруден өтуі туралы ақпарат берілді.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 8 қаңтарында А.Байтұрсынов атындағы ҚӨУ-і ректоры Алма Досжанованың онлайн-кездесуі өтеді. Ректор қашықтықтағы оқу форматынан шығып, күндізгі, дәстүрлі оқу форматына көшу кезеңдері туралы толығырақ айтып береді.

Қабылдау комиссиясы