Бүгін А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ-нің конференция залында университетіміздің белсенді студенттерінен құралған Студенттік парламент ректор Сейтбек Қуанышбаевпен кездесті.
Жиынды Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылаумен бастады.
Кейін Сейтбек Бекенович университет ішінде атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесімен, сонымен қатар студенттермен алға қойған жоспарлары жөнінде бөлісті.
Басты мақсатым университет имиджін барынша көтеріп, оқу орнымыздың бар жағдайын жасау, - деп атап өтті Сейтбек Бекенович.
Кездесу соңында сұрақ-жауап болды. Студенттер ректормен фотоға түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.